МӘҢГІЛІК ҚОЗҒАЛЫС
25.10.2023 | Автор: Саитова Г.Ю.
Өмірбаяны
Хореографиялық миниатюра.
Композитор - НикколоПаганини. Хореография және қойылымы - Болат Аюханов.
Премьерасы 1971 жылы Мәскеуде өтті. Қойылым Болат Аюхановтың басқаруындағы «Алматының жас балет» ансамбліне арналған.
Орындаушылар: ансамбль солистері мен балет әртістері.
Екінші редакциясы 1978 жылы өткізілді. КСРО Үлкен театрының сахнасында қазақ жазушысы М.О.Әуезовтің 80 жылдығын атап өту аясында көрсетілді.
«Бұл туынды менің қиялымда жеті нотамен қоршалған скрипкашының ойыны сияқты пайда болды. Хореографиялық қиялдағы «Перпетум мобиле» әдетте оңай суреттеледі. Бұл орындаушыларға бидің жоғары техникасын көрсетуге мүмкіндік береді» (Болат Аюханов).
Библиография
- Мой балет. – Алма-Ата: Өнер, 1988. – 104 с.