ПЕТЯ МЕН ҚАСҚЫР

05.11.2023  | Автор: Мусинова А.А.

Өмірбаяны

Бір актілі балет.

Композитор - Сергей Прокофьев. Либретто, хореография және қойылымы - Зауырбек Райбаев. Қоюшы-дирижер - Валерий Руттер.

Премьера 1976 жылы Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында өтті.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Петя - Қайрат Мәжикеев, Ұлан Мирсеидов; Қасқыр - Эдуард Мальбеков, Тұрсынбек Нұрқалиев, Игорь Данилин; Құс - Жұмагүл Жалпақова, Сәуле Мирзабекова; Үйрек - Людмила Макарцева, Ләззат Сатыбалдина; Атасы - Алексей Максимов; Мысық - Ахмедғали Бүркітбаев, Алексей Максимов; Аңшылар - Евгений Макарцев, Укен Челекбаев, Бейсеғұл Құтпанбаев.

Симфониялық ертегі балаларды оркестрдің аспаптарын тануға үйретеді. Олардың барлық өзіне тән белгілерімен таныстырады. Ертегідегі әрбір кейіпкер белгілі бір музыкалық аспапты бейнелейді.

Балет мәтінді оқудан басталады. Содан кейін сахнаға ертегінің басты кейіпкері Петя шығады. Ол ішекті аспаптар тобының орындауындағы сергек музыкамен таныстырылады. Балетмейстер әр кейіпкердің сахнадағы келбетін белгілі бір аспапқа тән қимыл-қозғалыстар арқылы шебер көрсетті. Сахналық киімдер кейіпкерлердің образдарын көркем түрде толықтырды.