ПЕТЕРБУРГПЕН ҚОШТАСУ

05.11.2023  | Автор: Мусинова А.А.

Өмірбаяны

3 актілі балет.

Композиторы - Иоганн Штраустың ұлы. Музыкалық редакторлар - Светлана Тищенко, Минтай Тлеубаев «Нева», «Ольга», «Ерке қыз» («Проказница»), «Петербург кадрилі», «Павловск туралы естеліктер», «Петербор ханымдары» полькасы мен «Орыс деревнясы», «Жолдағы шытырман», «Петербормен қоштасу», «Көркем Көк Дунайда» вальстері бойынша. Либреттосы - Минтай Тлеубаев, композитордың өмірі туралы кітаптар негізінде, Анатолий Гребенёвтің сценарийі бойынша Ян Фрид түсірген «Ленфильм» киностудиясы фильмімен аттас. Хореография және қоюшы - Минтай Тлеубаев. Қоюшы-суретші - Гүлфайрус Исмаилова. Қоюшы-дирижер - Владислав Лягас.

Премьерасы 1988 жылы 14 ақпанда Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында өтті.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Иоганн Штраус - Мұрат Адырхаев; Ольга Смирницкая - Гүлжан Туткибаева; Полина Сверчкова, Ольганың құрбысы - Людмила Ли; гусарлар, жандарм, студент, мажордом, музалар - балет әртістері.

Балет австриялық композитор Иоганн Штраус пен петерборлық генералдың қызы Ольга Смирницкаяның шынайы махаббат хикаясына негізделген. Павловск қаласында Иоганн мен Ольганың алғашқы кездесуі. Ғашықтық сезімін білдіру. Генерал Смирницкийдің үйіндегі бал кезінде Иоганн Ольгаға үйленгісі келетінін айтады. Бірақ қыздың ата-анасы бұл некеге қарсы. Павлов саябағының аллеясы. Мұнда ғашықтар бәрінен жасырын кездеседі.