РАХМАТУЛЛАЕВ Еркін Елнұрұлы
Өмірбаяны
(14.04.1994, Сарыағаш қ., Оңтүстік Қазақстан облысы) - балет әртісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2021).
2011- А. В. Селезнев атындағы АХУ-сін А.П. Медведевтің сыныбында бітірді. Ол алты ай бойы А. Я. Ваганова атындағы Орыс балет академиясында (АРБ) оқыды, педагогы Г. Н. Селюцкий.
2012-2013 - Константин Тачкиннің жеке труппасында корифей, педагогы А. Сидоров.
2013 жылдан - «Астана Опера» МОБТ-ның солисі, 2015 жылдан - балет спектакльдерінің жетекші солисі.
Халықаралық балет конкурстарының лауреаты: Сібір хореографиялық училищелерінің VII Халықаралық конкурсының III-сыйлығы (Новосибирск, 2008); «Өрлеу» ХБАБ II-сыйлығы (Алматы, 2008); «Шабыт» халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің Гран-приі (Астана, 2014); «Сібір Гран-приі» ХБАБ III-сыйлығы (Красноярск, 2014); Бейжіңдегі V ХБАБ III-сыйлығы (2014); Астанадағы III ХБАБ III-сыйлығы, Петипа мұрасы қорының және Братислава ұлттық театрының «PETIPA PRIX» классикалық мұраны үздік интерпретация үшін арнайы сыйлығы (2016); «Арабеск-2016» балет әртістері байқауының дипломанты, жүлде иегері, М. Петипа атындағы «Классикалық бидің тазалығы мен Академизмі үшін» сыйлық иегері.
Репертуары: Зигфрид, Шут, Pas-de-trois («Аққу көлі»); Ромео, Парис («Ромео мен Джульетта»); Ханзада Дезире, шетелдік күйеу жігіттер, Pas-de-deux («Ұйқыдағы ару»); Вацлав («Бахчисарай бұрқағы»); Солор («Баядерка»); Щелкунчик-ханзада («Щелкунчик»); Феб («Париж құдай анасының соборы» М. Жарр); Конрад, Құл Әли («Корсар»); үш шопан («Спартак»); Бозбала («Шопениана»); Альберт, Pas-de-deux («Жизель»); Франс (Р. Петидің «Коппелия»); Трио («Пахита»).