РАЙБАЕВ Заурбек Молдағалиұлы

04.12.2023  | Автор: Мусинова Ә.А.

Өмірбаяны

13.02.1932 ж., Алматы қ. – 01.11.2011 ж., Алматы қ.

Балет әртісі, балетмейстер, педагог.

Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі (1958). «Құрмет Белгісі» орденінің кавалері (1959). Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1967). Қазақ КСР Халық әртісі (1982). Құрманғазы атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері (1986). Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты (1992). «Құрмет» орденінің кавалері (2001). Профессор.

1946-1952 – Қазақ мемлекеттік хореографиялық училищенің оқушысы, педагогы Александр Владимирович Селезнев.

1952-1954 – Ленинград хореографиялық училищесінде жетілдіру сыныбында білім алды, педагогтары: А.А. Писарев, А. И. Бочаров, А. И. Пушкин, И. Д. Бельский.

1958-1962 – А. Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтын (ГИТИС) «Қоюшы-балетмейстер» мамандығы бойынша Л.М. Лавровскийдің шеберханасында оқып бітірді.

1954-1958 – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі, жетекші солисі. Репертуары: Евгений, Арлекин, Пушкин («Қола салт атты»), Феб («Эсмеральда»), Нұралы (бірінші орындауы, «Бақшасарай бұрқағы»), Вацлав («Бақшасарай бұрқағы»), Зигфрид («Аққу көлі»), Базиль («Дон-Кихот»), Шурале («Шурале»), Сабыр («Жоңғар қақпасы»). Э.Гликурованың қойылымындағы «Алтын бүркіт» концерттік нөмірі. З.Райбаев ізденімпаз, жарқын темпераментті және кең шығармашылық диапазонды, терең ойлы орындаушы болды. Айқын даралыққа ие ерлер биінің керемет техникасын меңгерген ол сахнадағы бейнелерін ұқыпты шеберлікпен жеткізді.

1955 – Алматы хореографиялық училищесінде сабақ берді.

1961 – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балетмейстері.

1967-1970 – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрдың бас балетмейстері.

1970-1972 – Қазақ КСР мемлекеттік ән- би ансамблінің көркемдік жетекшісі және бас балетмейстері.

1972-1976 – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының бас балетмейстері.

1976-1978 – Қазақ КСР Мемлекеттік ән-би ансамблінің көркемдік жетекшісі және бас балетмейстері.

1978-1986 – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының бас балетмейстері, көркемдік кеңес мүшесі (1978-ден), ҚазКСР-ның Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік сыйлық кеңесінің мүшесі (1981ж. бастап).

1986-1992 – 1989 жылы Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі болып қайта құрылған Мемлекеттік Қазақ КСР ән-би ансамблінің директоры және көркемдік жетекшісі. КСРО-ның 50 жылдығына арналған концерттік бағдарламасы (1972 ж.), ұлттық бидің інжу-маржанына айналған Н.Тілендиевтің «Ата толғауы» музыкасына қойылған «Асатаяқ» биінің балетмейстері (1983 ж.).

1992-2002 – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының бас балетмейстері.

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балетмейстері ретінде: «Шопениана» (1962), П. Чайковскийдің «Франческа да Римини» (1962), М. Равель «Болеро» (1962, 1994), Ғ. Жұбанованың «Хиросима» бір актілі балетін (1966), Қ.Кужамьяровтың «Чин-Томур» (1968), «Ромео мен Джульетта» (1972), С. Прокофьевтің «Петя мен қасқыр» балалар бір актілі балетін (1976), А.Хачатурянның «Спартак» (1974), А.Онеггердің «Ер мен Әйел» бір актілі балетін (1979), И. Стравинскийдің «Карта ойыны» бір актілі балетін (1979), Т.Мыңбаевтың «Фрескалар» (1981 ж.), А.Глазуновтың «Раймонда» (1984 ж.), Р.Щедриннің «Көңілді частушкалар» бір актілі балетін (1992), А.Аренскийдің «Египет түндері» бір актілі балетін (1994 ж.), Б.Қыдырбектің «Айдаһар мен Қарлығаш» (1996 ж.) және Бородиннің «Князь Игорь» операсынан «Қыпшақтар тұрағы» биін сахналады (2002 ж.).

З.Райбаев М.Төлебаевтың «Біржан - Сара» операсында би сахналарын қойды. Осындағы 3-актідегі атақты «Мереке биі» керемет дербес концерттік нөмірге айналды; А. Даргомыжскийдің «Русалка»; Е.Рахмадиевтің «Алпамыс»; А. Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Төлеген Тоқтаров»; Е.Рахмадиевтің «Қамар Сұлу»; Н.Жигановтың «Алтыншаш»; С.Мұхамеджановтың «Айсұлу»; А.Онеггердің «Жанна Д'Арк»; Е.Брусиловскийдің «Ер Тарғын»; Б.Жұманиязовтың «Махамбет» операларында да би сахналарын іске асырды.

1995-2004 – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Хореография режиссурасы» факультетінің профессоры. Оның шеберханасының түлектері: Г.Түткібаева, Л.Кабацкая (2000); В.Гугнина, В. Сычева, В. Гришина (2001); В. Гончаров, Т. Нұрқалиев (2002).

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының көркемдік кеңесінің мүшесі (1978). Қазақ ССР Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитеттің мүшесі (1981).

Марапаттары: Бүкілодақтық балет әртістері байқауының лауреаты, екінші сыйлық, 1957); VI Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалін дайындаудағы белсенді жұмысы үшін КСРО Мәдениет министрлігі мен мәдениет қызметкерлері кәсіподақтарының Орталық комитеті Құрмет грамотасы (1957 ж.); Бүкілодақтық эстрада әртістері байқауының лауреаты, екінші сыйлық, Москва, 1958); ауыл халқына қызмет көрсетудегі жетістіктері үшін «Тың жерлерді игергені үшін» медалі (1967 ж.); «В.И.Лениннің 100 жылдығына арналған Ерен еңбегі үшін» медалі (1970 ж.); кеңестік қазақ хореографиясын дамытудағы жетістіктері үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің және туғанына 50 жыл толуына байланысты Құрмет грамотасы (1982 ж.); кеңестік қазақ хореографиясын дамытудағы жетістіктері үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің және Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының 50 жылдығына байланысты Құрмет грамотасы (1984 ж.); «Еңбек ардагері» медалі (1992 ж.).

Библиография

  • Абай атындағы ҚазҰОБТ мұрағатынан Райбаев Зәурбек Мұндағалиұлының жеке ісі.
  • Сарынова Л.П. Балетное искусство Казахстана. – Научное издание. – Алма-Ата: «Наука» Казахской ССР, 1976 – 176 стр. – С.167.
  • Қуанышбаев А. Қазақ ССР. Қысқаша энциклопедия. 4 том.– Алматы: Қазақ совет энциклопедиясы – 1989. С. 499-500.
  • Танец. Поиск. Достижения.: 20 лет факультету «Хореография». – Сборник. – Ответ. редактор Сушков Д.В._ - Алматы: КазНАИ имени Т.Жургенова. – 2014 – 222 с. – С.211-212.

Сілтемелер

  • «Заурбек Райбаев Великий Казахский Балетмейстер» Легенды и мифы оперного. Канал «Білім және Мәдениет» Хронометраж: 30.32. 16 декабря 2015 г.
  • ПроТанец. Балет «Спартак» в постановке Заурбека Райбаева. Телеканал Abai TV. Хронометраж: 20.07. 7 сентября 2021г .

Медиа галерея

РАЙБАЕВ Заурбек Молдағалиұлы

РАЙБАЕВ Заурбек Молдағалиұлы

РАЙБАЕВ Заурбек Молдағалиұлы

РАЙБАЕВ Заурбек Молдағалиұлы

РАЙБАЕВ Заурбек Молдағалиұлы

РАЙБАЕВ Заурбек Молдағалиұлы