РЕБЕК Рауль Раймондо
Өмірбаяны
(10.03.1969, Берлин қ.) - биші, педагог, балетмейстер.
Берлиндегі мемлекеттік балет мектебінде оқыды. Берлин мемлекеттік операсының және Берлиндегі неміс операсының жетекші солисі болды. Халықаралық және ұлттық балет байқауларының лауреаты.
Эссендегі Аальто театрында жұмыс істеді, Нью-Йорктегі американдық балет театры Берлин балетімен ынтымақтастықта болды.
2012 - Дортмунд балетінің балетмейстері.
2014 жылдан бастап, NRW Juniorballet Dortmund көркемдік жетекшісі және хореографы.
Шақырылған балетмейстер ретінде көптеген танымал балет труппаларымен және хореография қайраткерлерімен жұмыс істеді: Р. Пети, М. Бежар, Р. Нуреев, И. Шовире, Х. В. Манен, И. Килиан, А. Прельжокаж, Ж.-К. Майо, М. Бигонцетти және т. б.
Қазақстанда алғаш рет кореялық әмбебап-балет компаниясы үшін құрылған EXPO-2017 (Астана) аясында оның «Ақ арман» балеті көрсетілді.
«Астана Опера» театрының сахнасында заманауи композиторлардың музыкасына «How long is Now?» бір актлі балеті (2018); Бетховеннің музыкасына қойылған «Бетховен-Мәңгілік-Махаббат» балеті (оның ішінде хор қатысқан әйгілі тоғызыншы симфония), сондай-ақ И. С. Бах, Й. Гайдн, В. А. Моцарт және Дирк Хаубрихтің заманауи композициялары мен аранжировкаларына қойылған спетакльдері көрсетілді (2020); Джимми Дюрант, Билли Рэй Сайрус, Луи Армстронг (2022) музыкасымен толықтырылған С.Прокофьевтің музыкасына «Золушка» балетін қойды.
«Астана Балет» театрында Фридерик Шопен, Филипп Гласс, Фазыл Сая және Эцио Боссо музыкаларына «A journey of memory» («Өткенге саяхат») бір актілі балет қойылды (2019).