УАҚЫТТЫҢ ӨТУІ ТУРАЛЫ ОЙЛАР
Өмірбаяны
Бір актілі заманауи спектакль.
Композиторлар - Макс Рихтер, Зои Китинг. Либретто және сценография - Пол Гордон Эмерсон. Хореография және қойылымы - Пол Гордон Эмерсон, Кэтрин Пилкингтон.
Премьерасы 2011 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған заманауи хореографиялық кеште, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында өтті. Спектакль «Самұрық» Заманауи би театрының труппасына қойылды.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Басты кейіпкер - Эльдияр Данияров және балет әртістері.
Ой толғаныстары қазіргі пластикалық өнер тілімен берілген: уақыт зымырап өтіп жатыр... Ойлар, сезімдер, бейнелер, естеліктер - бәрі де басты кейіпкердің көз алдынан жылт-жылт етіп, тездетілген фильмдегідей қайтымсыз сырғып кетеді... Уақыт қайтып келмейді.