ҚҰРМАНҒОЖАЕВА Гүлфайрус Бекболатқызы
Өмірбаяны
(30.04.1981, Алматы қ.) - балет солисі, педагог - хореограф. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006). 1990-1998 - А. В. Селезнев атындағы АХУ оқушысы, Н. Л. Гончарованың сыныбы бойынша аяқтады.
1998-2003 - Т. Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Режиссер-хореограф» мамандығы бойынша студенті.
2007 жылы Ла Скала театрында (Милан) тағылымдамадан өтті. Хореографиялық училищеде оқып жүргенде Абай атындағы МАОБТ-да тағылымдамадан өтті және өзінің шығармашылық қызметін 1995 жылы осы театрда бастаған.
1998-1999 - М. Джалил атындағы ТАМОБТ жетекші солисі (Қазан);
1999-2000 - В. Смирнов-Головановтың (Мәскеу) классикалық балет театрының солисі.
2000-2013 - К. Байсейітова атындағы ҰОБТ-ның жетекші солисі. Театр репертуарының барлық жетекші партияларын биледі: Одетта-Одиллия («Аққу көлі»), Жизель («Жизель»), Кармен («Кармен»), Медора («Корсар»), Эсмеральда («Эсмеральда»), Китри («Дон Кихот»), Зарема («Бахчисарай бұрқағы»), Никия («Баядерка»), Маша («Щелкунчик»), жетінші вальс («Шопениана»), Сванилда («Коппелия»), Аврора («Ұйқыдағы ару»), Ана («Мәңгілік алау»), Сильфида («Сильфида»), Мамыр («Қалқаман Мамыр» опера-балеті), «Половцы билері» («Князь Игорь» операсынан).
Ол қимылдардың кеңдігі мен кантилділігімен, адажиодағы әдемі және жоғары қадамымен ерекшеленеді. Балеринада кейіптерді сезіну бар, әр статикалық кейіпті (позаны) ішкі үйлесімділікпен, динамикамен толтыру өнері әсем. Сахналық шығармашылығын аяқтағаннан кейін Астана қаласында жеке хореографиялық студияны басқарады.
Марапаттары: Халықаралық балет конкурстарының лауреаты және дипломанты: «Хореография» номинациясы бойынша «Шабыт» халықаралық шығармашылық жастар конкурсының Гран-при иегері (Астана, 1998); Варнадағы ХБАБ (Болгария, 2000) - с сыйлығы; Лозаннадағы ХБАБ (Швейцария) - III сыйлық. «2010 ж. мәдениет және өнер саласындағы жетістіктері үшін» номинациясы бойынша «Шабыт-2010» Республикалық 1 байқауының жеңімпазы.