РОДЕН

05.11.2023  | Автор: Джумасеитова Г.Т.

Өмірбаяны

2 актілі балет.

Композиторлар - Морис Равель, Камиль Сен-Санс, Жюль Массне. Либретто, хореография және қойылымы - Борис Эйфман. Сценограф - Зиновий Марголин. Костюм суретшісі - Ольга Шаишмелашвили. Жарық суретшісі - Глеб Филштинский, Борис Эйфман.

Қойылым «Астана Опера» театрына арналды, премьерасы 2013 жылы 22 қарашада өтті.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Роден - Жәнібек Иманқұлов, Рүстем Сейітбеков; Камилла - Әйгерім Бекетаева, Гаухар Усина; Роза - Әнел Рүстемова, Әсел Шайкенова.

Балет ұлы мүсіншінің музасы әрі шәкірті Камиль Клодельге деген махаббаты туралы баяндайды. Ұлы француз мүсінші, оның жұбайы Роза мен Камилла-музасы, ғашығы және шәкірті арасындағы махаббат үшбұрышы аясында хореограф екі күшті шығармашылық тұлғаның қарым-қатынасын, шығармашылық пен кәдімгі сезім арасындағы тартыс туралы өз көзқарасын ашады.