РОМЕО МЕН ДЖУЛЬЕТТА (Астана Опера)

05.11.2023  | Автор: Джумасеитова Г.Т.

Өмірбаяны

3 актілі балет.

Композитор - Сергей Прокофьев. Либреттосы - Леонид Лавровский, Сергей Радлов, Адриан Пиотровский, Сергей Прокофьев, Уильям Шекспирдің аттас трагедиясына негізделген. Хореография және қойылымы - Заурбек Райбаев. Қоюшы-суретші - Эрнст Гейдебрехт. Қоюшы-дирижер - Тургут Османов.

Премьерасы 1972 жылы Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасында өтті.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Монтекки - Ғани Ақжанов; Капулетти - Тұрсынбек Нұрқалиев; Ромео, Монтеккидің ұлы - Рамазан Бапов; Бенволио - Ахмедғали Бүркітбаев; Меркуцио - Бауыржан Ешмұхамбетов; Джульетта, Капулеттидің қызы - Ольга Васюченко; Джульеттаның асыраушысы - Қарлығаш Асырбекова; Капулеттидің әйелі - Т.Городецкая; Тибальд - Эдуард Мальбеков; Парис - Александр Медведев; Лоренцо патер - Альберт Гомза; Парис пажы - Жұмагүл Жалпақова; Верона герцогы - Альберт Гомза; Әзілкештер биі - Қайрат Мәжікеев, Ұлан Мирсеидов, Дүйсенбек Накипов; Бес жұптың биі - Болат Байтемиров, Игорь Данилин, Александр Медведев, Марат Мунтин, Дүйсенбек Накипов; Верона тұрғындары, Монтекки мен Капулетти қызметшілері, герцогтың серіктері, маскалар - балет әртістері, хор және миманс.

ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ. Бір үзіліспен 3 актілі балет.

Премьерасы 2010 жылы 22-23 мамырда Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасында өтті.

Композитор - Сергей Прокофьев. Либретто - Сергей Радлов, Адриан Пиотровский, Сергей Прокофьев, Уильям Шекспирдің аттас трагедиясының негізінде Юрий Григоровичтің редакциясында. Хореография және қоюшы - Юрий Григорович (Мәскеу, Ресей). Балетмейстердің көмекшісі - Ольга Васюченко (Краснодар, Ресей). Сценография - Симон Вирсаладзе. Сахнаны қалпына келтіруші суретші - Михаил Сапожников (Мәскеу, Ресей); костюм бойынша суретшінің көмекшісі - Людмила Иус (Краснодар, Ресей); жарық суретшісі - Алексей Перевалов (Краснодар, Ресей). Қоюшы-дирижер - Арман Оразғалиев; 2010 жылдың 23 мамырындағы премьераның дирижері - Ерболат Ахмедьяров.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Капулетти - Дмитрий Сушков; Монтекки - Ұлан Бәденов; Ромео, Монтеккидің ұлы - Фархад Буриев; Джульетта, Капулеттидің қызы - Гүлвира Құрбанова; сеньора Капулетти - Гүлнұр Буриева; Тибальд, сеньор Капулеттидің жиені - Нұрлан Қоноқбаев; Меркуцио, Ромеоның досы - Әсет Мұрзақұлов, Рүстем Иманғалиев; Парис, герцогтың туысы, Джульеттаның күйеу жігіті - Азамат Асқаров; Лоренцоның ағасы, монах - Ұлан Бәденов; Джульеттаның асыраушысы - Әсел Мусинова; Верона герцогы - Қанат Қаражанов; Джульеттаның құрдастары - Әлия Сапугова, Жанель Тукеева, Айман Егісбаева, Дилара Шомаева, Динара Есентаева; Ромеоның құрдастары - Руслан Қадыров, Ерлан Өтешев, Бағлан Аймұхамет, Рафаэль Уразов, Азамат Жонқабаев; Меркуционың достары - Руслан Амраев, Руслан Иманғалиев, Ұлан Тұрғымбай; Меркуционың құрбылары - Жанель Тукеева, Айнұр Әбілғазина, Айман Егісбаева; Тибальдтың достары - Руслан Қадыров, Данияр Шманов, Бағлан Аймұхамет, Нұрлан Кинербаев, Рахим Даиров.

Көптеген жылдар бойы Веронадағы екі текті тұқым Монтекки мен Капулеттилер бір-біріне қарсы тұрады. Екі жаулас әулеттің жас өкілдері Ромео мен Джульетта өздерінің махаббаттары үшін күресіп, тағдырдың қиыншылықтарын жеңуге тырысады. Бірақ бекер. Ғашықтар өледі.

Балеттегі Шекспир сюжеті идеясы орта ғасырлар әлемін Қайта өрлеу әлеміне қарсы қою, екі түрлі ойлау жүйесінің, мәдениеттің, дүниетанымның қақтығысы болып табылады. Бұл пьесаның архитектоникасы мен композициясын айқындап тұр.

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры қойылымы

2 актілі балет.

Композитор - Сергей Прокофьев. Либретто - Шарль Жюд (Франция), Уильям Шекспирдің аттас трагедиясына негізделген. Хореография және қойылымы - Шарль Жюд. Қоюшы-сценограф - Эцио Фриджерио (Италия). Костюм бойынша суретші - Франка Скуарчапино (Италия). Жарық суретшісі - Виничио Кели (Италия). Проекциялаушы - Серджио Металли (Италия). Қоюшы-хореографтың көмекшісі - Эрик Квиллер (Франция). Қоюшы-дирижер - Джузеппе Акуавива (Италия). Дирижер - Айдар Абжаханов.

Премьерасы 2013 жылы 27 желтоқсанда «Астана Опера» театрының сахнасында өтті.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Джульетта, Капулеттидің қызы - Мадина Басбаева, Әйгерім Бекетаева; Ромео, Монтеккидің ұлы - Тайыр Гатауов, Рүстем Сейітбеков; Тибальд, Синьора Капулеттидің жиені - Досжан Табылды, Сержан Кауков; Меркуцио, Ромеоның досы - Серік Нақысбеков, Арман Уразов; Бенволио, Монтеккидің жиені - Бақтияр Адамжан, Николай Коршунов; Парис, Джульеттаның күйеу жігіті - Еркін Рахматуллаев, Марат Әбдірахманов; Синьор Капулетти - Жәнібек Иманқұлов; Синьора Капулетти - Әсел Жанғасқаева; Джульеттаның асыраушысы - Сэрина Сунагава; Эскал, Верона герцогы - Шыңғыс Оспанбаев; Падре Лоренцо - Ильдар Шакирзянов; Синьор Монтекки - Рахметулла Науанов; Синьора Монтекки - Инесса Котлобаева,; Розалина - Әсел Шайкенова; Розалинаның құрбылары - Ғалия Бегалина, Марико Китамура.

Мазмұны Шекспирдің бір-бірімен жаулас отбасылардан шыққан жас жігіт пен қыздың бақытсыз махаббаты туралы өміршең трагедиясына негізделген. Капулетти үйіндегі балда жас Джульетта кешке жасырын келген Монтекки отбасынан шыққан Ромеоға ғашық болады. Түнде бір-біріне махаббаттарын айтып, жасырын үйленеді. Келесі күні дуэльде Джульеттаның немере ағасы Тибальд Ромеоның досы Меркуционы өлтіреді. Ромео Тибальдты өлтіріп, қаланы тастап кетеді. Ата-анасы Джульеттаны Париске үйленуге мәжбүрлейді. Ол ұйықтайтын дәрі ішіп, мазарда өлген болып, оянған соң Ромеомен сол жерде кездесуге үміттенеді. Ромео сүйіктісі ішкен удың өлімге әкелмейтінін білмей, уды ішеді. Джульетта оянып, өліп жатқан Ромеоны соңғы рет құшақтап, өзіне пышақ салады.

Медиа галерея

РОМЕО МЕН ДЖУЛЬЕТТА (Астана Опера)

РОМЕО МЕН ДЖУЛЬЕТТА (Астана Опера)