ОРЫС ЕРТЕГІСІ
Өмірбаяны
Пролог пен эпилогты 2 актілі балет.
Композиторы - Михаил Чулаки. Либретто - Минтай Тлеубаев, Юрий Слонимскийдің Александр Сергеевич Пушкиннің «Сказке о попе и работнике его Балде» ертегісі либреттосы негізінде; либреттоның көркемдік редакциясы - Николай Гринкевич. Хореография және қойылымы - Минтай Тлеубаев. Суретші-сценограф - Игорь Корогодин. Костюм бойынша суретші - Лилия Фёдорова, Қоюшы-дирижер - Балари Акитаев.
Премьера 1975 жылы 19 қазанда Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасында өтті.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Балда - Александр Медведев, Булат Валиев; Поп - Алексей Максимов, Қайрат Мажикеев; Поповна - Инна Гуляева, Фарида Қойгелдинова; Попадья - Юрий Малых, Камиль Еренчин; Попёнок - Тамара Мальбекова, Ирина Шкловская; Чертовка - Людмила Ли, Инна Гуляева; Қарт шайтан - Қайрат Мажикеев, Дүйсенбек Накипов; Чертёнок - Жұмагүл Жалпакова; Қояндар - Фаина Светлышева, Ғалия Бөрібаева; Сығандар - Эдуард Мальбеков, Людмила Ли, Галия Абаева; Гармонист, Бие, Аю, қасық ойнайтын жігіттер, балалайка-қыздар балет әртістері.
Орыстың ұлттық нақыштағы балаларға арналған ертегі балеті. Су асты патшалығында шайтандар Поппен ойнап көңіл көтереді. Су асты патшалығынан оралған Поп Балданы шулы базарда кездестіріп, оны жұмысшы етіп алуды шешеді. Балда ақша үшін емес, Поптың маңдайына жылына үш рет шерту үшін жұмыс істеуге келіседі.
Балдаға үй иесінің қызы - Поповна ұнайды. Мұны білген Поп ашуланып, Балдадан құтылу үшін, тіпті мазақ ету үшін оны шайтандарға Су асты патшалығына жібереді.
Теңіз түбінде Балда жарыста Кәрі шайтанды жеңіп, Кішкене шайтанды өзімен бірге алып кетеді. Балда мен Поповна тағы бірге. Келісім бойынша Поп маңдайын тосады, ал Балда барлығының көзінше Попты үш рет маңдайынан шертеді.