РУСТЕМОВА Анель

10.01.2024  | Автор: Джумасеитова Г.Т.

Өмірбаяны

(01.08.1988, Алматы қ.) - балеттің жетекші солисі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2018).

2006 - А. В. Селезнев атындағы АХУ-ды М. Қадырова сыныбында бітірді.

2006 - А. Я. Ваганова атындағы Орыс балет академиясында (АРБ) біліктілікті арттыру курстарын өтті (Санкт-Петербург қ.).

2022 - Қазақ ұлттық хореография академиясын «Режиссер-хореограф» мамандығы бойынша Ж.Ү. Қайырдың шеберханасында бітірген.

Оқу барысында бірнеше рет хореографиялық училищелер мен балет әртістерінің байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Оның марапаттары: «Фуэте Артека» халықаралық классикалық би байқауының Гран-приі (2002 ж.); «Лозанна жүлдесі» Халықаралық балет әртістерінің байқауының лауреаты, онда М. Бежардың беделді мектебіне оқуға шақыру алды (Швейцария, 2004); Сібірдің хореографиялық училищелерінің VI Халықаралық байқауының II сыйлығы (Новосибирск қ., 2005).

2007-2008 - Абай атындағы МАОБТ-да балет әртісі.

2010-2013 - К. Байсейітова атындағы ҰОБТ-ның жетекші солисті.

2013 жылдан - солист, 2014 жылдан - «Астана Опера» МОБТ балетінің жетекші солисі.

Репертуары: Одетта-Одиллия («Аққу көлі»); Мари («Щелкунчик»); сирень перісі («Ұйқыдағы ару»); Роза (Б. Эйфманның «Роден»балеті); Карагоз («Карагоз»); Фригия, Эгина («Спартак»); Медора («Корсар»); Зарема («Бахчисарай бұрқағы»); Гамзатти («Баядерка»); Лесконың нақсүйері («Манон», муз. Дж. Массне); Китри, дрядтың иесі («Дон Кихот»); Нурия (А. Райымқұлованың музыкасына «Заман тынысы» («Sounds of Time».); Розалина («Ромео мен Джульетта»); Диана мен Актеонның Pas-de-deux, Флер де Лис (Ц. Пуни «Эсмеральда»); солист (Л. Минкус пен Э. Дельдевез «Пахита); Зобейда («Шехеразада»).

Медиа галерея

РУСТЕМОВА Анель

РУСТЕМОВА Анель

РУСТЕМОВА Анель

РУСТЕМОВА Анель

РУСТЕМОВА Анель

РУСТЕМОВА Анель

РУСТЕМОВА Анель

РУСТЕМОВА Анель

РУСТЕМОВА Анель

РУСТЕМОВА Анель

РУСТЕМОВА Анель

РУСТЕМОВА Анель

РУСТЕМОВА Анель

РУСТЕМОВА Анель

РУСТЕМОВА Анель

РУСТЕМОВА Анель

РУСТЕМОВА Анель

РУСТЕМОВА Анель