СӘРСЕМБАЕВ Эльдар Дәулетұлы

21.10.2023  | Автор: Шомаева Д.Е.

Өмірбаяны

(11.11.1989, Семей қ.) – балет әртісі, Халықаралық балет әртістері байқауларының лауреаты.

2000-2008 жж. – А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін педагог С.Ж.Космановтың сыныбында бітірді. Оқуды бітіргеннен кейін К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының труппасына жұмысқа қабылданды (Астана).

2011-2013 жж. – Киль (Германия) балет труппасының солисі. Репертуарындағы спектакльдер мен номерлердегі жеке және жетекші партиялары: Ханзада, тышқандардың патшасы («Щелкунчик»), Вершинин («Үш апалы-сіңлілі, («Три сестры»), pas- de-deux («Дон Кихот», «Корсар», «Золушка», «Коппелия», «Пламя Парижа», «Эсмеральда» және т. б.)

2013-2014 жж. – орыс ұлттық балетінде жұмыс істеді және басқа балет компанияларында шақырылған солист ретінде өнер көрсетті.

2014-2018 жж. – «Астана Опера» театрының солисі.

2019 жылдан бастап – «Астана Балет» театрының солисі. Ю.Григоровичтің хореографиясындағы «Махаббат туралы аңыз» (Шут), А.Садықованың хореографиясындағы «Желтораңғы туралы аңыз» (ағаш кесуші), М.Авахридің хореографиясындағы «Сұлтан Бейбарыс» (Моңғол), К.Полин хореографиясындағы «Орфей және Эвридика» (Аристей) тұңғыш премьералық спектакльдерінің орындаушысы.

Марапаттары: Халықаралық байқаулардың лауреаты: «Өрлеу» (Алматы, 2008), «Шабыт» (Астана, 2010) Халықаралық балет әртістері байқауының Гран-Приі; Сочиде (2010), Бейжіңде (2010 ж.), Сеулде (2007), Ыстамбұлда (2008, 2012), Мәскеуде (2009); Киевтегі балет әртістері байқауының арнайы жүлдесі (2011) және Астанадағы (2010), Сеулдегі (2013) халықаралық байқаулардың алтын медальдары.

Сілтемелер

Медиа галерея

СӘРСЕМБАЕВ Эльдар Дәулетұлы

СӘРСЕМБАЕВ Эльдар Дәулетұлы

СӘРСЕМБАЕВ Эльдар Дәулетұлы

СӘРСЕМБАЕВ Эльдар Дәулетұлы

СӘРСЕМБАЕВ Эльдар Дәулетұлы

СӘРСЕМБАЕВ Эльдар Дәулетұлы