САДЫҚОВА Анвара Ариповна

21.10.2023  | Автор: Шомаева Д.Е.

Өмірбаяны

(28.09.1982, Балқаш қ.) – педагог, қоюшы-хореограф, балет тарихшысы, өнертану кандидаты. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2021).

1992-2000жж. – А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде оқыды.

2004-2009жж. – Т.Қ.Жүргенов атындағы «Хореография педагогикасы» мамандығы бойынша бакалавр, магистр (2006), аспирант (2009).

2000-2001жж. - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры балет әртісі.

2001-2017жж. - А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде арнайы және жалпы кәсіптік пәндер оқытушысы.

2006 жылдан бастап педагогикалық жұмысты мұражай меңгерушісінің қызметімен ұштастырды.

2011-2017жж. – Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы хореография факультетінің оқытушысы.

2014-2017жж. – Б. Аюхановтың жетекшілігімен ҚР Мемлекеттік академиялық би театрының балетмейстері.

2017ж. – Қазақ ұлттық хореография академиясының Педагогика және балетмейстер өнері кафедраларының аға оқытушысы.

2022 жылдан бастап – Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Гүлдер» ансамблінің бас балетмейстері.

2020ж. – А.А.Алтмышбаев атындағы Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясы философия, құқық және әлеуметтік-саяси зерттеулер институтында кандидаттық диссертация қорғады.

50-ден астам хореографиялық қойылымдардың, бір актілі спектакльдердің және концерттік нөмірлердің авторы: Мүкей, Н.Тілендиев, А.Райымқұлова және «Тұран» ансамблінің музыкасына А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде қойылған «Тұран дала – қыран дала» этно-балеті (2017), Қ.Шілдебаевтың музыкасына арналған «Желтораңғы туралы аңыз» спектаклі («Астана Балет» театры, 2020). Оның көптеген қойылымдары халықаралық байқауларда, фестивальдарда, ұжымдар мен солистердің гастрольдік сапарларында (Германия, Франция, Англия, Италия, Австрия, Латвия, АҚШ, Швеция, Израиль, Канада, Оңтүстік Африка, Жапония, Қытай, Греция, Түркия, Таиланд, Ресей, Әзірбайжан, Қырғызстан және т. б.) сәтті орындалды. Жиырмадан астам халықаралық конкурстардың лауреаттарын дайындады. Ұлттық балет өнері мәселелері бойынша бірқатар ғылыми мақалалардың, деректі фильмдерге сценарийлердің авторы: «А.В.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесіне 80 жыл» (2014), «Қазақстанның Балет өнері» (2016), «Қазақ биі» (2017); «Наш Александр Селезнев» (Санкт-Петербург, 2017) кітабының тең авторы; «Қазақ балетінің Сильфидасы» кітабының авторы (Алматы, 2021), «Шара Жиенқұлованың өшпес ізі» фотоальбомының авторы-құрастырушысы (Алматы, 2022).

Н.Ә.Назарбаев Қоры жанындағы мәдениет жөніндегі Кеңестің (2007 жылдан) және ЮНЕСКО Қазақстан Ұлттық клубтар федерациясының (2016 жылдан) мүшесі.

Марапаттары: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаты Н. Ә. Назарбаев (2009); «Үздік деректі фильм» номинациясы бойынша Қазақстан Кинематографистер Одағының «Құлагер» ұлттық сыйлығының лауреаты (2018); «Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық жобасының жеңімпазы; ҚР Тұңғыш Президентінің мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының стипендиаты (2019), «Балетмейстер» номинациясы бойынша республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты (2019).

Сілтемелер


Медиа галерея

САДЫҚОВА Анвара Ариповна

САДЫҚОВА Анвара Ариповна

САДЫҚОВА Анвара Ариповна

САДЫҚОВА Анвара Ариповна

САДЫҚОВА Анвара Ариповна

САДЫҚОВА Анвара Ариповна