САФРОНОВ Алексей Олегович

08.12.2023

Өмірбаяны

05.11.1983 ж., Алматы қаласы.

Балет әртісі.

Астанада өткен I Халықаралық балет әртістері байқауының лауреаты – II сыйлық (2006). Челябі облысының еңбек сіңірген мәдениет және өнер қызметкері (2021).

1994-2002 – А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесіның оқушысы, педагогтары: В.Е. Лукомский, С. Ж. Косманов; Б. М. Жантаев, Э. Д. Мальбеков.

2015-2018 – Оңтүстік Орал мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінің «Хореография педагогикасы» мамандығы бойынша бакалавриат.

2020-2022 – Оңтүстік Орал мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінің «Хореография педагогикасы» мамандығы бойынша магистратура бітірді.

2002-2008 – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солист, жетекші солист.

Зигфрид партиясында дебют жасады («Аққу көлі»). Репертуары: Альберт («Жизель»), Конрад, Али («Корсар»), Зигфрид, Ротбарт («Аққу көлі»), Князь Дезире («Ұйқыдағы ару»), Ханзада («Щелкунчик»), Паоло («Франческа да Римини»), Вацлав («Бахчисарай бұрқағы»), Базиль («Дон Кихот»), Красс («Спартак»), Бахус («Вальпургия түні»), Бозбала («Шопениана»), Ромео («Ромео мен Джульетта»), Ферхад («Махаббат туралы аңыз»).

2006 – М. Глинка атындағы Челябі мемлекеттік академиялық опера және балет театрының көркемдік жетекшісі Константин Уральский Варнадағы Халықаралық балет әртістері байқауында (ХБӘБ) өзінің қойылымында Ромео партиясын билеуді ұсынды («Ромео мен Джульетта»). Осылайша Челябі театрында прима-балерина Татьяна Передеинамен жұмыс басталды.

2006-2009 – М. Глинка атындағы Челябі мемлекеттік академиялық опера және балет театрының шақырылған солисі.

2009 ж. – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында жұмысын аяқтап, М. Глинка атындағы Челябі мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солисі болды. Репертуары: Феб («Эсмеральда»), Флориндо (М. Чулаки, «Екі мырзаның қызметшісі»), Артынов, Студент (В. Гаврилин «Анюта»), Франц («Коппелия»), Солист (С. Рахманинов «Оркестрмен фортепианоға арналған №2 Концерт»), pas-de-deux «Сильфида» «Орыс Императорлық балетінің алтын ғасыры» спектаклінде, Бозбала («Кармина Бурана», Н. Калининаның хореографиясы), Хореограф («Ида», Ида Рубинштейннің махаббаты мен құмарлығы)», Солор, Ұлы Брахман («Баядерка»), Люсиен де Эрвилли («Пахита»), Вронский («Анна Каренина», В. Арбузованың хореографиясы), Жын, Коппелиус, Линдорф, Миракл, Дапертутто (Дж. Оффенбах «Гофманның ертегілері», Н.Калининаның хореографиясы).

Концерттік номерлері: С. Рахманинов «Элегия» (хореогр. В. Васильев), Ф. Обер «Классическое pas-de-deux» (хореогр. В. Гзовский); О. Хромова «Бағынбайтын көлеңке» («Строптивая тень», хореогр. В. Гончаров); «Бөтен» («Чужой» хореограф Гульмира Габбасова), «Маскарад» (хореогр Г. Туткибаева).

Халықаралық балет жобаларына қатысты: Халықаралық балет фестивалі (ХБФ) – Бішкек, Қырғызстан (2006), ХБФ – Франкфурт, (Германия, 2007); I Халықаралық опера және балет өнері фестивалі «Тошкент бахори» (Өзбекстан, 2007); ХБФ «Татьяна Предеина шақырады» (Челябинск, Ресей, 2009-2011); «Екатерина Максимованың құрметіне» ХБФ (Челябинск, Ресей (2009, 2018 ); «Сахна-2021» XXXI кәсіби театрлар фестивалі (Челябинск, Ресей, 2021); Ресей балет жұлдыздарының III фестивалі «Би Рыцарі ұсынады...» – Ханты-Мансийск, Ресей (2012); «Тошкент бахори» опера және балет өнерінің III Халықаралық фестивалі (Өзбекстан, 2013); Башқұрт мемлекеттік опера және балет театрының сахнасында «Уильям Педро және балет виртуоздары» спектаклі (Уфа, Ресей 2016), Р. Нуреев атындағы XXI Халықаралық балет өнері фестивалінде («Эсмеральда» балетінде Феба партиясын орындады, Ю. Бурлаки мен Ю. Клевцов хореографиясында. Башқұрт мемлекеттік опера және балет театрының сахнасында (Уфа, Ресей 2017); «Орыс маусымдары» театрлық гастрольдерінде Люсьен д`Эрвильи партиясын орындады («Пахита») және Бозбалалар («Шопениана»); Италия қалаларына гастрольдік тур (2018); Р. Нуреев атындағы XXIII халықаралық балет өнері фестивалінде («Анна Каренина» балетінде Вронский партиясын орындады (Уфа, Ресей, 2019).

Марапаттары: I ХБӘБ в Астане лауреаты (II премия, Казахстан, 2006); «Дарынды жастар» номинациясы бойынша «Алтын лира» сыйлығының лауреаты (2018); Ж.Оффенбахтың «Гофман ертегілері» феерия-балетіндегі Миракл мен Дапертутто рөлдері үшін кәсіби театрлардың XXXI «Сахна-2021» фестивалінің «актерлік шеберлігі үшін» номинациясы бойынша жеңімпазы (2021); М. Глинка атындағы Челябі мемлекеттік академиялық опера және балет театры Қамқоршылық кеңесінің грантының иегері (2022).


Библиография

  • Ә.А. Мусинованың Алексей Сафроновпен хат алмасуы.
  • Абай атындағы Қазақ ҰОБТ мұрағатынан Владимир Акуленконың фотосуреттері.
  • Алексей Сафроновтың жеке мұрағатынан Андрей Голубевтің фотосуреттері.

Медиа галерея

САФРОНОВ Алексей Олегович

САФРОНОВ Алексей Олегович

САФРОНОВ Алексей Олегович

САФРОНОВ Алексей Олегович

САФРОНОВ Алексей Олегович

САФРОНОВ Алексей Олегович

САФРОНОВ Алексей Олегович

САФРОНОВ Алексей Олегович

САФРОНОВ Алексей Олегович

САФРОНОВ Алексей Олегович

САФРОНОВ Алексей Олегович

САФРОНОВ Алексей Олегович

САФРОНОВ Алексей Олегович

САФРОНОВ Алексей Олегович