САЛОМЕЯ

12.11.2023  | Автор: Шомаева Д.Е.

Өмірбаяны

Бір актілі балет.

Композитор - Фазыл Сай. Либретто - Мукарам Авахри, Дилара Шомаева, Оскар Уайльдтің «Саломея» пьесасы бойынша. Көркем тұжырымдама, хореография және қойылымы - Мукарам Авахри. Балетмейстердің көмекшісі - Айжан Жүнісова. Сценография және костюмдер - Ольга Шаишмелашвили. Жарықпен көркемдеуші - Денис Солнцев.

Премьерасы 2018 жылдың 16 ақпанында өтті. Балет «Астана Балет» театрының труппасына арналған,

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Ирод, тетрарх Иудеи - Қазбек Ахмедьяров; Иродиада, тетрархтың әйелі - Риза Қанатқызы; Иоанн Предтеча, пайғамбар - Фархад Буриев; Саломея, Иродиаданың қызы және Иродтың өгей қызы - Айжан Мұқатова.

Балет Оскар Уайлдтың пьесасына негізделген. Оның әйгілі інжіл оқиғасын тосыннан, күтпеген қырынан тануы хореографты спектакль жасауға шабыттандырды. Саломея Иоанн пайғамбарға ғашық болады. Бірақ ол оның сезімінен үш рет бас тартты. Ренжіген жас ханшайым өгей әкесі Ирод патшаның салтанатты тойында би билеп, оның барлық тілегін орындауға уәде береді. Саломея Иоаннды өлім жазасына кесуді және оған пайғамбардың басын күміс табаққа салуды талап етеді.Бірақ ол мұны кек алу үшін емес, онымен сүйісу үшін жасайды.Тіпті бұл сүйісудың құны ғашық адамының өлімі болса да.

Медиа галерея

САЛОМЕЯ

САЛОМЕЯ

САЛОМЕЯ

САЛОМЕЯ