"САМҰРЫҚ" ЗАМАНАУИ БИ ТЕАТРЫ

20.10.2023  | Автор: Молдахметова А.Т.

Өмірбаяны

«Самұрық» заманауи би театры алғаш рет 1998 жылы А.В Селезнев ат. Алматы хореографиялық училищесінде өткен «Танцевальный улей» заманауи би фестивалінде «M-Dance» жеке тобы ретінде танылды. 2003 жылы «Самұрық» заманауи би театры мемлекеттік мәртебе алып, Алматы қаласы әкімдігінің мәдениет басқармасына қарасты «Алматы әуендерінің» құрамына енді.

1998-2003 жылдар аралығында билеген алғашқы құрам: Елена Эзау, Альбина Додарходжаева, Наталья Корчагина, Руслан Такирбасов, Ерсайын Мұқаев. Кейіннен Бауыржан Қосманов, Раушан Шермаханбетова, Әсел Абакаева, Жанна Орлова, Георгий Ященко, Юрий Селантьев сияқты жаңа өнерпаздар келді. Тіпті кейінірек Сәнім Жәнібекова, Эльдияр Данияров, Артём Тен, Олег Пак, Еркін және Карина Өтеповтер, Назгүл Кистафина, Диана Хамис, Лаура Ерментаева, Алексей Велижанин қосылды.

2015 жылдан бастап әртістердің жаңа буыны қалыптаса бастады. Оның ішінде Сабыржан Придонов, Гүлжанат Құлжабек, Сабина Пайус, Адлет Таменов бар.

«Самұрық» би театрының репертуарында отандық және шетелдік хореографтар қойған спектакльдер бар: «Бернард Альбаның үйі» хореографы Йозеф Кацуорек; «Аранхуэс» (2002) хореографы Гүлнара Адамова, «Жезтырнақ» (2004) хореографы Гүлнара Адамова, «Карта ойыны» (2004) Елена Эзау қойылымы, «Орфей» (2004) хореограф Альбина Додарходжаева, «Таз әнші» (2007) хореографы Наталья Новикова, «Джаз - кафе» (2008) хореографы Гүлнара Адамова, «Менің алғашқы күзім» (2009) хореографы Олег Пак, «11. Уақыттың жүгірісі туралы ойлар» (2011) хореограф Пол Гордон Эмерсон, «Экзикус» (2012) хореографы Гүлмира мен Гүлнара Ғаббасовалар, «Қиылыс» (2016) хореографы Альбина Додарходжаева, «Теңізге құлау» (2013) хореографы Пол Гордон Эмерсон, «Құм сағат» (2013) хореографы Кристофер Морган, «UPLIFT» (2012) хореографы Ребекка Райс, «Күту залы» (2012) хореограф П.Эмерсон; «Прокрастинаторы и эскаписты» (2016) хореографы Александра Гурвич, «Эголенд - Мен сүйемін... сені емес!» (2018 ж.) хореографы Александр Гурвич, «Effect of pains» (2021) хореографы Томирис Меттыбаева, «Touch of art» (2021) хореографы Томирис Меттыбаева, «Контрапункт» (2022) хореографы Тимур Загидуллин. Сондай-ақ қырықтан астам миниатюралар мен концерттік нөмірлер: «По ту сторону», «Диссонанс», «Род ма Тюр», «Андантино негодяев», «Адиемус», «Пауки», «Фандомы ДНК», «На грани», «Изнутри», «Прощание на млечном пути», «Рисовальщик», «Одиночество», «Соблазн», «Иллюзии», «Красный шепот», «Шаман дождя», «Скандалистка», «Древо жизни», «Falling», «Жажда», «Лунный свет» т.б.

«Самұрық» заманауи би театры өзінің шығармашылық қызметі жылдарында Island Moving Company (АҚШ) (жетекшісі Мики Ольсен), E-company (жетекшісі Пол Гордон Эмерсон) сияқты шетелдік ұжымдармен бірлескен жобаларды жүзеге асырды. Ұжымның гастрольдік картасына Қырғызстан, Түркия, Германия, Ресей, Австрия, Оңтүстік Корея, Америка, Беларусь және, әрине, Қазақстан сияқты елдер кіреді.

Осы жылдар ішінде «Самұрық» заманауи би театры Қазақстанда да, шетелде де заманауи биден түрлі фестивальдер мен байқауларға қатысып келеді. Бұл отандық фестивальдер: «Танцевальный улей» (1998); «Транс-Арт» (2000); «Розовая грива» (2004); I, II, III Орталық Азия заманауи би фестивалі (2007, 2008, 2009). Шетелдегі фестивальдер: Балтық заманауи би фестивалі (Литва, Вильнюс қ., 1999, 2000); World Folk Performance - Gyeongju (Түркия, Стамбул 2013); ЮНЕСКО демеушілігімен маска фестивалі (Оңтүстік Корея, 2015 ж.); Түріксой халықаралық ұйымының ұйымдастыруымен түркі мәдениетінің трансконтинентальді турнесі (Түркия, Анкара қ., АҚШ, Вашингтон қ. 2016 ж.); IFMC халықаралық заманауи би фестивалі (Беларусь, Витебск қ., 2022 ж.).

Театр әртістері халықаралық байқаулардың лауреаттары мен жүлдегерлері. Алексей Велижанин мен Елена Эзау - Италияда, Германияда, Оңтүстік Кореяда өткен би шоуы бойынша әлем чемпионатының 1-дәрежелі лауреаттары. Томирис Меттыбаева мен Әлімжан Қайрат «Мария» Р.В.Захаров атындағы халықаралық жас хореографтар байқауының 3-дәрежелі лауреаттары. (Ресей, Мәскеу қ., 2022 ж.). Меттыбева Томирис - «Өрлеу» VII Халықаралық байқауының соло, заманауи хореография номинациясының II дәрежелі лауреаты.