САРҚЫТБАЕВА Құралай Серікханқызы
Өмірбаяны
22.02.1975 ж., Талдықорған қ.
Балет әртісі, педагог – репетитор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2002 ж.).
1985-1993 – А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің оқушысы. Классикалық би бойынша педагогтары: Наурызбаева С. А., Малбекова Т. З., Қойгелдинова Ф. А.
2000-2002 – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының бакалавриатын «Мәдени-демалыс жұмысы және көркем шығармашылықты ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірді.
2019-2021 – Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы магистратурасын «Хореографиялық ұжым басшысының менеджері, хореографиялық пәндер оқытушысы» мамандығы бойынша бітірді.
2003 – «Хореография педагогикасы» мамандығы бойынша Мемлекеттік академиялық Мариинский театрында тағылымдамадан өтті.
1993 жылдан Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының балет әртісі, солист, жетекші балерина. Жизель («Жизель») партиясында дебют жасады. Репертуары: Жизель («Жизель»), Одетта-Одиллия («Аққу көлі»), Аврора, Флорина Ханшайымы («Ұйқыдағы ару»), Маша («Щелкунчик»), Анна Каренина («Анна Каренина»), Балерина («Қызыл Жизель»), бірінші солист («Ішекті серенада»), Ширин («Махаббат туралы аңыз»), Китри, көше бишісі («Дон Кихот»), Медора, Гүлнара («Корсар»), Фригия («Спартак»), Кончитта («Юнона» және «Авось»), Сильфида («Сильфида»), Кармен («Кармен-сюита»), Мария («Бахчисарай бұрқағы»), Шамхат («Фрескалар»), Пимпинелла («Пульчинелла»), Бакханка («Вальпургия түні»), 7-ші Вальс («Шопениана», Бойжеткен (алғашқы қойылым, «Ғажайып мандарин»), Тағдыр маскасы (бірінші орындау, «Чарли»), Ғашық жұптағы қыз (бірінші орындау, «Аntico стиліндегі сюита»), Пахита («Пахита»).
1995 – Ресейдегі Қазақстан Республикасының Мәдениет күні аясында Ресей Мемлекеттік академиялық Үлкен театрының труппасымен Ресей Мемлекеттік академиялық Үлкен театрының сахнасында Жизель партиясын орындады.
1996 – Новосибирск опера және балет театрының балет труппасының көркемдік жетекшісі В. Владимировтың шақыруымен «Аққу көлі» және «Корсар» балеттерінде жетекші партияларды биледі.
Концерттік нөмірлері: К.Сенс-Санс «Аққу» (М. Фокиннің хореографиясы), Адажио «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» балетінен (Е. Брусиловский, Д. Әбіровтің хореографиясы), И. Штраус «Көгілдір Дунай» (М. Тілеубаевтың хореографиясы), «Аве Мария» (В. Вавилов-Дж.Каччини, В. Гончаровтың хореографиясы), А. Мүкей «Жезтырнақ» (Г. Адамованың хореографиясы), «Түстегі армандар» («Грезы во сне», Д. Фадееваның хореографиясы), «Маскарад» сюитасынан концерттік нөмір (А. Хачатурян, Г. Туткибаеваның хореографиясы), П. Чайковский Дивертисмент (Г. Туткибаева) т.б.
2010-2011 – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында режиссер, Қазақстанның Халық әртісі Талғат Теменовтың «Қызыл орамалды шынарым» («Тополек мой в красной косынке»), «Қарагөз» драмалық спектакльдерінде хореографиялық сахналардың қоюшы-балетмейстері.
2010-2015 – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының педагог-репетиторы. А.Дүйсекова, М. Кенжебекова, М. Токкожина және т. б. жұмыс істеді.
2011 – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған концертте «Қаражорға» биінің балетмейстер-қоюшысы.
2016 жылдан – А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде классикалық би педагогы.
Марапаты: «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі (2011 ж.)
Библиография
- А.А. Мусинованың Құралай Сарқытбаевамен әңгімелесуі.
- Жумасеитова Г. Хореография Казахстана. Период независимости: монография / Г. Жумасеитова. – Алматы: «Жибек жолы», 2014. – 220 с.+ 32 с. (цв. вклейка). ISBN 978-601-294-210-1. – С.63.
- Абай атындағы ҚазҰОБТ мұрағатынан Владимир Акуленконың фотосуреттері.
Цикл "Легенды и мифы оперного". Куралай Саркытбаева
Цикл "Легенды и мифы оперного". Куралай Саркытбаева