СЕЙТБЕКОВ Рүстем Серікбайұлы
Өмірбаяны
(10.07.1983, Ташкент қ.) - балет солисі, педагог. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2012).
2000 - А. В. Селезнев атындағы АХУ-ды Ұ.А. Мирсеидов сыныбында бітірді.
1998- 2000 - Абай атындағы МАОБТ-да балет труппасында тағылымдамадан өтті.
2007 - Ла Скала театрында тағылымдамадан өту және біліктілікті арттыру (Милан, Италия).
2008 - «Менеджмент» мамандығы бойынша ҚазБСҚА үздік бітірді.
2014 - Оңтүстік Орал мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінің «Халық көркем шығармашылығы» мамандығы, «Хореографиялық ұжымның көркемдік жетекшісі, оқытушы» біліктілігі бойынша бітірген.
Балет мектебін бітірген жылы К. Байсейітова атындағы жаңа ұлттық опера және балет театрына шақырылды (Астана). Театрдағы жұмыс кезеңінде (2000-2013) ол жақсы орындаушылық техникасымен, мәнерлі актерлік өнермен биші ретінде қалыптасты. «Аққу көлі», «Щелкунчик», «Бахчисарай бұрқағы», «Кармен-сюита», «Жизель» және «Корсар», «Вальпургия түні», П. Гертельдің «Бекер сақтық» («Тщетная предосторожность»), Х. Левенсхольдтің «Сильфид», Ц. Пунидің «Эсмеральда», Р. Салаватовтың «Алкисса», Р.Шуманның «Коппелия», «Карнавал» балеттерінде басты партияларды орындады.
2013 жылдан - «Астана Опера» МОБТ-ның жетекші солисі. Репертуары: Ханзада Дезире («Ұйқыдағы ару»), Ганс орманшы («Жизель»), Базиль («Дон Кихот»), Бирбанто («Корсар»), Солордың екі досы («Баядерка»), Роден («Роден»), Ромео («Ромео мен Джульетта»), Дж. Бизе «Кармен» нөмірі Р. Пети қойылымында, Коппелиус («Коппелия»), Квазимодо («Париж құдай анасының соборы»), Де Грие («Манон»), «How long is Now?» және т. б.
2014 жылдан - «Астана Опера» театрының педагог-репетиторы.
2018 жылдан бастап, Қазақ ұлттық хореография академиясында (Астана) сабақ береді.
Марапаттары: «Шабыт» халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің Көрермендер көзайымы сыйлығы (Астана, 2002); «Шабыт» халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің лауреаты (Астана, 2004, 2009); «Бәйтерек» халықаралық байқауының дипломанты (Астана, 2009).