СЕЛЕЗНЕВ Александр Владимирович
Өмірбаяны
22.11.1906 ж., Санкт-Петербург қ. – 22.05.1961 ж., Алматы қ.
Балет әртісі, педагог-репетитор, қоюшы-хореограф. Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі (1944). «Құрмет Белгісі» ордені (1945). Қазақ КСР халық әртісі (1955 ж.). «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері (1959).
Балетті Ленинградтағы Кларктың жеке студиясында оқи бастады.
1923-1926 – Ленинград хореографиялық училищесінің кешкі бөлімін бітірді, педагогтары: В.Семенов, Л. Леонтьев, В. Пономарев, А. Монахов, А. Ширяев, Е. Вазем.
1930 жылдары классикалық би педагогтарын даярлау курстарында оқыды.
1926-1928 – Раскатовтың (Ленинград) жетекшілігімен музыкалық комедия театрының балет әртісі.
1928 – Мәскеу жылжымалы операсының (Уфа) балет әртісі.
1929 – Орынбор, Ульяновск, Самарадағы Мәскеу жылжымалы операсындағы балет әртісі.
1930-1931 – Чернышевский (Саратов) жауапты солист лауазымында.
1931-1934 – С.М.Киров атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балет әртісі (Ленинград).
1934 – Винница облыстық опера және балет театрында балет әртісі.
1935 – Куйбышев опера және балет театрындағы балет әртісі (қазіргі Д. Д. Шостакович атындағы Самара академиялық опера және балет театры.).
1936 – Молотов облыстық опера және балет театрында балет әртісі (қазіргі П. И. Чайковский атындығы Пермь академиялық опера және балет театры).
1934-1937– Ленин орденді КСРО мемлекеттік академиялық Үлкен театрында балет әртісі (Мәскеу).
1937 қыркүйек -1945 – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры балетінің премьері.
Репертуары: Зигфрид («Аққу көлі»), Франц («Коппелия»), Гирей («Бахчисарай бұрқағы»), Клод Фролло («Эсмеральда»), Ханзада («Щелкунчик»), Фернандо («Испан капричиосы»), Босс («Қызыл гүл»), Петр I («Қола шабандоз»), Мергенбай («Қамбар мен Назым»), Марселина, Колен («Бекер сақтық»).
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры балетінің премьері, Қазақ драма театрының (1937-1939), Жамбыл атындығы Қазақ Мемлекеттік филармониясында (1941-1944) педагог-балетмейстер болып қосымша жұмыс істеді.
1937-1961 – хореографиялық мектептің көркемдік жетекшісі және классикалық би педагогы. В.А. Селезневтің күш-жігерінің арқасында Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің 1938 жылғы 3 мамырдағы № 419 «Өнер кадрларын даярлау жөніндегі оқу орындарын қайта ұйымдастыру туралы» қаулысымен Алматыда хореографиялық техникум құрылды, кейін Қазақ мемлекеттік хореографиялық училищесі, қазіргі А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі болып қайта құрылды. Көркемдік жетекші қызметі педагогикалық жұмыстармен ұштастырылды. Орыс балеті мектебінің ізбасары, А.Я.Ваганованың Алматыға жіберген Ленинград хореографиялық училищесінің оқу бағдарламалары мен жоспарлары негізінде білім беру жүйесін жасады.
Мектеп оқушылары үшін П. Чайковскийдің «Аққу көлі», Ц. Пунидің «Эсмеральда», Л. Минкустың «Баядерка», «Дон-Кихот», «Пахита», Р. Глиердің «Қызыл гүл» («Красный мак») және т. б. балеттерден сахналық көріністер қойды. Өзінің классикалық би мектебін қалыптастыра отырып, 17 рет түлектер шығарды. Қазақстанның хореографиялық өнерінің жетекші шеберлері атанған бір топ орындаушыларын дайындады: Д. Әбіров, Р. Тәжиева, Ғ. Ақжанов, З. Райбаев, Б. Аюханов, С. Көшербаева, И. Манская, А. Асылмұратов, Л. Таганов, Э. Мальбеков, С. Тулусанова, З. Акбарова, Ф. Жулимбетова, қазақ балетінің алғашқы зерттеушісі Л. Сарынова сынды топты тәрбиелеп, ұшырды; Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солистері: Л. Симагина, Т. Васильева, А. Солнцева, Н. Краснова, Н. Зайчкина, Л. Воскресенская, Г.Горская, Н. Гудочкина, В. Хен, Х. Базарбаев, М. Мунтин, Т. Мальбекова және т. б.
Көптеген оқушылары кейіннен хореографиялық училищенің жетекші педагогтары болды, олардың ішінде: Р. Ельчибекова, А.Тулекова, А. Ғабитова, И. Олзоева, Ж. Тастанова, Қ. Жақыпова, С. Наурызбаева, Р. Курпешева және т. б.
1948 – Алма-Аты қалалық депутатар кеңесіне тағайындалды.
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1988 жылғы 2 ақпандағы қаулысымен Алматы хореографиялық училищесіне Александр Селезневтің есімі берілді.
Марапаттары: Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы (1944), «1941-945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Ерен еңбегі үшін» медалі (1945).
Библиография
- Автобиография Селезнева Александра Владимировича. Архив музея АХУ имени А.В.Селезнева.
- Сарынова Л.П. Балетное искусство Казахстана. – Алма-Ата: «Наука» Казахской ССР – 1976. – 176 с. – Стр. 161.
- Добрый гений казахского балета – Вечерний Алматы – №101, от 24.08.2021.
- Мусинова А. Балет ей был и жизнью и судьбой// Казахстанская правда. – 2013. – 6 марта.
- Қазақстан хореографиясының алтын бесігі – Монография – Главный редактор Калиева А.Ж. – Алматы: «Литер» – 2016 – 618 с.
- Селезнев Александр Владимирович. Қазақ ССР. Қысқаша энциклопедия. 4 том.– Алматы: Қазақ совет энциклопедиясы – 1989. С. 527-528.
- Александр Владимирович Селезнев – Сайт Ассамблеи народов Казахстана –Адрес URL: https://assembly.kz/ru/proekty/vydajushhiesja_lichnosti_kazahstanskih_etnosov/view/seleznev_aleksandr_vladimirovich/ (Дата обращения:23.09.2022).
- Фотосуреттер ашық интернет-ресурстан алынған.