ШАНКИБАЕВА Әлия Бақытжанқызы

31.10.2023  | Автор: Ізім Т.О

Өмірбаяны

12.03.1963 ж., Алматы қ.

Балет әртісі, педагог, зерттеуші. Өнертану кандидаты (2007), доцент (2022).

1981 ж. - А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде оқыған, педагогтары: К.М.Мажикеев, Н.Я. Ахунов;

1991 ж. - С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетін «Филолог, орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы «Қазақ хореографиясы: формалары мен көркемдік құралдарының дамуы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

1981-1990 жылдары Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында балет әртісі (Абай ат. МАОБТ). 1993 жылдан Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино инстититутында «Сахна қозғалысы» кафедрасының оқытушысы. 2008-2009; 2015-2018 жылдары - «Сахналық пластика» кафедрасының меңгерушісі. 2007-2018 жылдары «Қазақстан балет әлемі» республикалық журналын басқарды. 2015-2018 жылдары ЮНЕСКО жанындағы CID Халықаралық би кеңесінің мүшесі.

Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрындағы сахналық қызмет кезеңінде балеттер мен опералық спектакльдерде жетекші характерлік билерді орындады. Театр труппасымен, концерттік бригадалар құрамында шетелдерге (ГДР, Алжир) және Қазақстан өңірлеріне гастрольдік сапарлармен барды.

Көптеген жылдар бойы хореография саласында оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу қызметімен айналысады. «Қазақ хореографиясы: формалары мен көркемдік құралдарының дамуы» атты монографияның авторы (2011 ж., 2020 ж. кітапты толықтырып қайта басып шығарды), «Қазақстан хореографиясының тарихы» оқулығы авторларының бірі және редакторы (2005 ж.). Ұжымдық монографияларда: «Степь, очарованная танцем» (2011 г.), «Круговой танец: Природа-Человек-Космос» (г. Якутск, 2022 г.); «Cultural identification - The problem of Art Studies» (2016 г.), «Сохранение, развитие и интеграция культурного наследия Венгрии и Казахстана» (2017 г.), справочника «Хореографы Казахстана» (2012 г.), ғылыми журналдарда және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда 50-ден астам жарияланымдар мен баяндамалардың авторы.

Марапаттары: ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі (2021 ж.).

Медиа галерея

ШАНКИБАЕВА Әлия Бақытжанқызы

ШАНКИБАЕВА Әлия Бақытжанқызы

ШАНКИБАЕВА Әлия Бақытжанқызы

ШАНКИБАЕВА Әлия Бақытжанқызы

ШАНКИБАЕВА Әлия Бақытжанқызы

ШАНКИБАЕВА Әлия Бақытжанқызы