ШИЛЬДЕБАЕВА (Әділбекова) Гүлнара Мәлібекқызы
Өмірбаяны
06.04.1967, Шымкент облысы.
Балет әртісі, педагог.
«Құрмет» орденінің иегері (2010).
1978-1986 - А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің оқушысы, «Халық би ансамблінің әртісі» мамандығы бойынша білім алды, педагогтары: С.А.Наурызбаева, А.Г. Ғабитова, С.М. Медеубаева, О.Б. Шубладзе.
1992-1997 - Қазақ қыздар педагогикалық институты «Хореография» мамандығының студенті.
1986-1994 - З.Райбаевтың жетекшілігімен «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблі балетінің солисі. Жеке нөмірлерде:«Сирия биі» (музыкасы халықтікі, хореографиясы Г.Измайлова), «Шығыс биін» (музыкасы халықтікі, хореография Г.Измайлова) орындады; көпшілік билерде: «Шолпы» (музыкасы С.Еркімбеков, хореография З.Райбаев), «Вензеля» (музыкасы халықтікі, хореография С.Асмоловский), «Шоньян» (музыкасы Б.Баяхунов, хореография Г.Саитова), «Салтанат» (музыкасы Е.Рахмадиев, хореография З.Райбаев) және т. б.
1994-2015 - Б.Аюхановтың жетекшілігімен Мемлекеттік академиялық балет театры балетінің солисі. Қазақстан, Ұлыбритания, Швейцария, Түркия, Ресей труппасының құрамында өнер көрсетті. Ол хореографиялық қойылымдарға қатысты, олардың ішінде Б. Аюхановтың концерттік нөмірлері мен спектакльдеріндегі жеке партиялар: Аққу («Умирающий лебедь», К. Сен-Санс); Қыз (қосымша нөмір) - «Кармен-сюита» ( Ж. Бизе-Р. Щедрин); Кармен («Кармен» Ж. Бизе - Ф. Ваксман).
2001 жылдан Республикалық К.Байсейітова атындағы музыка мектебінде хореографиялық пәндер оқытушысы.