СМАҒҰЛОВ Бақытжан Жұмашқанұлы
Өмірбаяны
04.11.1965 ж., Шар қаласы, Семей облысы (қазіргі Абай облысы, Жарма ауданы).
Балет әртісі, педагог-репетитор. Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі (1988), Қазахстан Республикасының Халық әртісі (1995), Татарстан Республикасының Халық әртісі (2003).
1976-1984 – А.Я.Ваганова атындағы Ленинград академиялық хореография училищесін Ю.Умрихиннің сыныбы бойынша бітірді.
1984-1999 – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры балетінің жетекші солисі.
Репертуары: Зигфрид («Аққу көлі»), Альберт («Жизель»), Спартак («Спартак»), Базиль («Дон-Кихот»), Вацлав («Бақшасарай бұрқағы»), Ханзада («Щелкунчик»), Жан де Бриен («Раймонда»), Ұл («Мәңгілік алау»), Альфред (бірінші орындау, (Камелия ұстаған ханым», М.Тілеубаевтың хореографиясы), Ванечка (бірінші орындау, «Доктор Айболит», М.Тілеубаевтың хореографиясы), Дирижер (бірінші орындау, «Классикалық симфония», М.Тілеубаевтың хореографиясы), Штраус («Петербургпен қоштасу», М. Тілеубаевтың хореографиясы), Сырым («Қарагөз», Алексидзенің хореографиясы) және басқалар.
Театрдағы жұмысымен қатар Томур Хомой балет труппасының (1991, Жапония), Йоко Цукамото балет студиясының (1992, Жапония), Dance Unlimited балет труппасының (1994, АҚШ) жұмысына қатысты.
1994-2004 – Мұса Джалил атындағы Татар мемлекеттік академиялық опера және балет театрының (Қазан, Татарстан) жетекші балет әртісі.
Репертуары: Базиль («Дон-Кихот»), Солор («Баядерка»), Ханзада Дезире («Ұйқыдағы ару»), Зигфрид («Аққу көлі»), Вакх («Вальпургия түні»), Альберт («Жизель»), Былтыр («Шурале»), Тибальд («Ромео мен Джульетта»), Скарабей («Сказание о Йусуфе») және басқалар.
1999-2012 – Мұса Джалил атындағы Татар мемлекеттік академиялық опера және балет театрында орындаушылық қызметімен қатар педагог-репетитор ретінде жұмыс істей бастайды, 2001 жылдан тренаж сабағын жүргізді.
2012-2022 – П. И. Чайковский атындағы Пермь опера және балет театрының педагог-тәрбиешісі.
2022 жылдан – Варна қаласы Държавна Операның педагог-репетиторы (Болгария).
Марапаттары: Мәскеудегі Бүкілодақтық балет әртистерінің байқауының лауреаты (қола медаль, 1988); «Жігер» шығармашылық жастар байқауының лауреаты (Алматы, 1988); Варна қаласындағы XIII Халықаралық балет әртистерінің байқауының (ХБӘБ) лауреаты (күміс медаль, Болгария, 1988); Париждегі ХБӘБ лауреаты (күміс медаль, Франция, 1988); Хельсинки қаласындағы ХБӘБ лауреаты (күміс медаль, Финляндия, 1991); Осакадағы ХБӘБ лауреаты, (қола медаль, Жапония, 1991); Варна қаласындағы ХБӘБ «Үздік серіктес» арнайы сыйлығы, (Болгария, 1992).
Библиография
- Личное дело Смагулова Бахытжана Жумашкановича в архиве КазНТОБ имени Абая.
- Горшков В. Народные артисты СССР, РФ, РТ. Казань, Издательство «Магариф-Вакыт», 2011. Тулырак: https://matbugat.ru/enc/smagulov-bahytzhan-zhumash...