ЖАННЫҢ ҒАРЫШЫ

26.10.2023  | Автор: Мусинова А.А.

Өмірбаяны

Бір актілі балет.

Композитор - Альфред Шнитке. Хореография және қойылымы - Гүлжан Туткибаева, Жоғары хореография мектебінде «Маска театры» балетімен бірге дипломдық жұмыс (қазіргі - Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының хореография факультеті). Қоюшы-суретші - Орынбасар Жаңбыршиев.

Премьерасы 2001 жылы 21 маусымда Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасында, Гүлжан Туткибаеваның «Маска театры» бір актілі балеттері мен Вячеслав Гончаровтың хореографиясы бойынша «Ғажайып мандарин» бір актілі балеттері кешінде бірге қойылды.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Ер адам - Дмитрий Сушков; Әйел - Сәуле Рахмедова.

«Жанның ғарышы» - балетмейстер заманауи хореография мен неоклассицизмнің пластикалық шешімі арқылы ғалам мен адам жанының авторлық түсінігін білдіретін сюжетсіз балет.

Библиография

  • Кусанова А.Е. Жанровые и стилистические особенности режиссуры Театра «Aстана Балет»: теоретические концепты и практические решения – Диссертация на соискание степени доктора философии (PhD) по специальности «6D040600 – Режиссура» – 2021 – 149 с. – С.65-66.