ҚОРҚЫТТЫҢ ЖОРЫҚТАРЫ

13.11.2023  | Автор: Саитова Г.Ю.

Өмірбаяны

Бір актілі балет.

Музыкасы - Қорқыт, Ықылас және «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблі. Қобызда жеке орындаған М.Медеубек. Мазмұн идеясы - Асия Мухамбетова. Либретто - Д.Уразымбетов, халық аңыздары негізінде. Хореография және қойылымы - Д.Уразымбетов. Костюмдер бойынша суретші - Л.Возженикова. Проекцияларға арналған фондық суреттер - Полина Салаватова. Спектакль үшін А.С.Пушкин медалінің, «Құрмет» орденінің иегері епископ Геннадий «Қорқыт» өлеңін жазды. Оқыған - Роман Жуков.

Премьерасы 2019 жылдың 21 маусымында Абай атындағы Мемлекеттік акдемиялық опера және балет театрының сахнасында өтті. Қойылым Болат Аюхановтың басқаруындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық би театры үшін жүзеге асырылды.

Кейіпкерлар мен орындаушылар: Қорқыт - Дияр Акенев; Періште - Мәди Қасымов; Елес қыз - Айя Мелис; Жылан -Айнұр Мұқашева.

Халық аңыздарына негізделген спектакль адам болмысының сан алуан қырларын қозғайды. Балет кейіпкерінің өмір жолы оған төрт бағытты ашады. Онда ол жеке адамның рухани әлемін бір жолмен бұзатын жағдайларға тап болады. Күмәндер мен құлазуды жеңіп, орта ғасырдан бүгінге дейін адасып келе жатқан Қорқыт кемелдік пен мәңгілік өмірдің ақиқат жолын табады. Алғашқы бақсы-шаман, қобыздың атасына айналады.