СҰЛТАНОВ Сүндет Нұрланұлы

21.10.2023  | Автор: Джумасеитова Г.Т.

Өмірбаяны

(09.10.1992, Ақтау қ., Маңғыстау обл.) – балет әртісі. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері (2021), Тұңғыш Президент Қоры сыйлығының лауреаты (2021).

2002-2010 жж. – А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде С.Ж.Космановтың сыныбында оқыған.

2014 ж. – «Мәдениеттану» мамандығы бойынша Оңтүстік Орал мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетін бітірді.

2011-2013жж. – К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында балет әртісі.

2013-2017жж. – «Астана Опера» театрының балет әртісі.

2017 жылдан – «Астана Балет» театрының жетекші солисі. Балеттердегі жеке және жетекші партияларды орындаушы. Репертуары: Дионис, Бахус («Вальпургия түні»); Қозы- Көрпеш («Қозы-Көрпеш – Баян-Сұлу»); Бозбала («Жусан»), Диуана («Тағдыр бұлтарыстары»); Монах («Жібек жолы»); Жизельдің достары («Жизель»), Ханзада («Золушка»); Ханзада («Щелкунчик»); Бозбала («Желтораңғы туралы аңыз»); Орфей («Орфей және Эвридика»); Ферхад («Махаббат туралы аңыз»); «Қиялға бойлау»), «A fuego lento», «Diversity», «Longing», «Серенада», «Фортепиано мен оркестрге арналған Капричио», «In the Middle, Somewhat Elevated», «Махаббаттың жоғалған пірлері» («Утерянные кумиры любви»), «Контраст», «Instinct». Репертуарында хореографиялық миниатюралар: «Балбырауын» – хореограф Д.Әбіров; «Баядерка» балетінен Pas d’action – хореограф М.Петипа.

Марапаттары: «Жыл әртісі» номинациясы бойынша «Тикетон» сыйлығы (2022); «Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі» энциклопедиясына енген (2022).

Сілтемелер

Медиа галерея

СҰЛТАНОВ Сүндет Нұрланұлы

СҰЛТАНОВ Сүндет Нұрланұлы

СҰЛТАНОВ Сүндет Нұрланұлы

СҰЛТАНОВ Сүндет Нұрланұлы

СҰЛТАНОВ Сүндет Нұрланұлы

СҰЛТАНОВ Сүндет Нұрланұлы