ТҰРАН ДАЛА - ҚЫРАН ДАЛА

23.11.2023  | Автор: Молдахметова А.Т.

Өмірбаяны

Бір актілі этно-балет.

Композиторлар - Мүкей, Дәулеткерей Шығайұлы, Нұрғиса Тілендиев, Ақтоты Райымқұлова. Музыканы орындап, өңдеп, бірге автор болған «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблі. Либретто - Дамир Уразымбетов. Идея авторы, қоюшы-хореограф - Анвара Садыкова, Костюмдер - Әсел Лұқпанова. Бейне сценография - Ербол Бисенов.

Премьера 2016 жылы 28 қарашада «Өрлеу» хореографиялық оқу орындарының IV Халықаралық байқауы аясында Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасында өтті. Балет фрагменттері жыл сайын А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің республикалық және халықаралық жобалары аясында есеп беру концерттерде көрсетіледі. Балет А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің студенттеріне арнап қойылды.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Тәңірі, Жауынгер - Жансерік Ахметов; Ұмай, Сүйікті - Малика Ельчибаева; Ақ бақсы - Евгений Рыбкин; Қара бақсы - Тойған Тұрлыхан; Аққулар, Басқыншылар, Жоқтаушылар, Жауынгерлер - «Өрлеу» театрының жас әртістері, А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің 2-3 курс студенттері.

Қойылымның сюжеті қазақ халқының аңыз-әңгімелеріне құрылған. Балет қазақ халқының тарихы мен өмірінің парақтарын көрсететін спектакль бойы «ашылып тұратын» он хореографиялық суреттен тұрады. Нөмірлік құрылымы бар хореографиялық миниатюралар: «Жан біткен петроглифтер», «Бақсылар», «Тәңірі мен Ұмай», «Аққулар», «Басқыншылық», «Жоқтау», «Шайқас алдындағы салттық би», «Жауынгер дала», «Ғашықтар дуэті» , «Мереке» біртұтас сюжеттік желімен үйлесімді композицияға біріктірілген.