ТАБЫЛДЫ Досжан Бақытжанұлы

12.12.2023  | Автор: Мусинова Ә.А.

Өмірбаяны

25.01.1985 ж., Алматы қаласы.

Балет әртісі, қоюшы-хореограф.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының лауреаты (2015). «Құрмет» орденінің кавалері (2016). Халықаралық балет байқауларының лауреаты.

1995-2003 – А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің оқушысы, педагогтары: О.Б. Шубладзе, Ұ. А. Мирсеидов.

2007 жылы – Ресейдің Мемлекеттік Академиялық Үлкен театр (Мәскеу) шебер-сыныбының қатысушысы.

2012-2015 – Ресей Федерациясы Президентінің грантымен «Педагог-хореограф» мамандығы бойынша Ресей театр өнері институтының (бұрынғы А. В. Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институты) студенті, курс жетекшісі Е. П. Валукин.

Шығармашылық қызметі Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның жетекші балет труппаларымен байланысты.

2003-2013 – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солисі. «Корсар» балетінде Құл партиясында дебют жасады.

Репертуары: Спартак («Спартак»), Базиль («Дон-Кихот»), Зигфрид, Сайқымазақ, pas-de-trois («Аққу көлі»), Альберт, I актдегі қосымша pas-de-de («Жизель»), Вацлав, Нұралы («Бақшасарай бұрқағы»), Ферхад («Махаббат туралы аңыз»), Али («Корсар»), Ханзада («Щелкунчик»), Джеймс («Сильфида»), Пан («Вальпургия түні»), Хозе («Кармен-сюита»), Құл («Корсар»), Тибальд («Ромео мен Джульетта»).

Концерттік нөмірлері: «Баксы», «Жаңбыр бақсысы» (хореограф Г. Адамова), «Гопак» (Р. Захаров).

2006 – Корей балет компаниясы мен Сеул балет театрының (Korean Ballet company & Seoul Ballet Theatre), Суджиун Өнер университетінің (Сеул, Оңтүстік Корея) балет труппасының жетекші солисі.

Репертуары: Prince hodong, осы аттас ұлттық балетіндегі жетекші партия Prince hodong (cho Seok-yeon музыкасы, MOON Byung Nam хореографиясы), классикалық, заманауи хореографияның концерттік нөмірлері.

2007 – United Dance Company (Париж, Франция) балет труппасының шақырылған жетекші солисі. Еуропа бойынша гастрольдік тур кезеңінде: Германия, Австрия, Голландия, Швейцария.

2007 – шақырылған жетекші солист AstanaBallet Company (Астана, Қазақстан).

2010-2011 – Корей ұлттық балет театрының шақырылған шетелдік әртісі және гранд-солисі. Репертуары: Тибальд («Ромео мен Джульетта»), Шут («Аққу көлі»), Абдерахман («Раймонда»).

2013-2017 – «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солисі. Репертуары: Спартак («Спартак»), Тибальд («Ромео мен Джульетта»), Ханзада («Щелкунчик»), Көк құс («Ұйқыдағы ару»), Нұралы («Бақшасарай бұрқағы»), Нарша («Қарагөз»).

2016 – Әлемнің белгілі театрларының жетекші бишілерінің қатысуымен «Әлемдік балет жұлдыздары» Гала-концерттерінің жетекші солисі.

2017 жылы авторлық шығармашылық жобаларды жүзеге асыру үшін театрдан кетіп, Dance Center Doszhan Tabyldy жеке балет мектебін ашты.

Телевизиялық жобалар: «Астана жұлдызы» музыкалық сыйлығы қазылар алқасының мүшесі (Астана, Қазақстан, 2015 ж.), «Биле, Қазақстан» тележобасы (қазылар алқасының мүшесі, «Хабар» ТВ, 2016 ж.), «Дәстүрлі Өнер» шығармашылық фестивалінің төрағасы (Шымкент, Қазақстан, 2016 ж.), «Екі жұлдыз» қазылар алқасының төрағасы, «Түңгі студия» («Qazaqstan» ТВ), «Жұлдыздармен би», «Sky студия» (ТВ 7 арна), «Celebrity» (Caspian Net), «Өз сөзімен» (ТВ Hit TV) және т. б. басты рөлді - «Жаңарған жер, бақ қонған нұрлы жер» қазақстандық мюзикліндегі басты роль Наурызды орындады (2018 ж.). «Қазақстанның 100 тұлғасы» деректі фильміне түсті (2018 ж.), бейне клиптер сериясының актеры және авторы.

«Шәкен жұлдыздары» кинофестивалінің қоюшы-хореографы (2009 ж.); Radio and Julliet спектаклінің және «Әлемдік балет жұлдыздары» Гала-концертінің премьерасының продюсері (2012 ж.); «Дегдар» қорының «Астана кештері» гала-концертінің қоюшы-хореографы және орындаушысы (2015 ж.); Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған концерттің қоюшы-хореографы (2015 ж.); «Қазақ вальсінің алғашқы балының» режиссер-хореографы (2015 ж.); «Орал-2015» Қайырымдылық Гранд-балының шеберлік сыныбының жаттықтырушысы; «Астана Опера» МОБТ «Баксы» композициясының хореографы (2016 ж.); Almaty Universiade-2017 ашылу салтанатында режиссер-хореограф және «Алтын Қыран», «Танго» би нөмірлерін орындаушы.

2019 – әр түрлі жылдардағы сұхбаттар мен БАҚ материалдарынан «Қанатыңды жай» атты авторлық жинағын шығарды.

2019-2023 – Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жетекші солисі.

Марапаттары: Халықаралық конкурстардың лауреаты: VII Шығармашылық жастардың халықаралық фестивалі «Шабыт» – I-сыйлық, алтын медаль (Астана, 2004); VIII Ресей балет әртістерінің «Арабеск-2004» ашық конкурсында «U&B Sound», музыкалық жобаларды техникалық қолдау тобының сыйлығы, Кеннета Шнайдер мырзаның «Көрермендер көзайымы» сыйлығы (Пермь, Ресей, 2004); Сеулдегі Халықаралық балет әртістері байқауы (ХБӘБ) – II сыйлық, күміс медаль (2005); Х-ХБӘБ, Мәскеу – II сыйлық, күміс медаль және «Көрермендер көзайымы» сыйлығы (Ресей, 2005); I ХБӘБ, Сеул – III сыйлықтың лауреаты (2007); Будапештте Р. Нуриевтің 70 жылдығына арналған ХБӘБ III сыйлық (Венгрия, 2008); Варна-ХБӘБ демеушісінен үздік биші атағына арнайы жүлденің иегері (Болгария, 2008).

«Жаңа есім - Үміт» номинациясы бойынша «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты (2006 ж.), «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2006 ж.), «Халық қаһарманы» республикалық сыйлығының «мамандық мақтанышы» номинациясы бойынша лауреаты (2007 ж.), «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерейтойлық медалі (2011 ж.), ҚР Мәдениет қайраткері (2012 ж.), «Хореография» номинациясы бойынша Еуразия сыйлығының лауреаты Алтын медаль (Ресей, 2015 ж.), «Қазақ хандығының 550 жылдығы» алтын медалі (2015 ж.), «Құрмет» орденінің иегері (2016 ж.).

Библиография

  • 2022 жылы А.А. Мусинованың Досжан Табылдымен жеке сұхбаты.
  • Жумасеитова Г. Хореография Казахстана. Период независимости: монография / Г. Жумасеитова. – Алматы: «Жибек жолы», 2014. – 220 с.+ 32 с. (цв. вклейка). – С.65.
  • Павел Янцен мен Қарла Нұрдың фотосуреттерін Досжан Табылды өзінің жеке мұрағатынан ұсынды.

Сілтемелер

Медиа галерея

ТАБЫЛДЫ Досжан Бақытжанұлы

ТАБЫЛДЫ Досжан Бақытжанұлы

ТАБЫЛДЫ Досжан Бақытжанұлы

ТАБЫЛДЫ Досжан Бақытжанұлы

ТАБЫЛДЫ Досжан Бақытжанұлы

ТАБЫЛДЫ Досжан Бақытжанұлы