ТАГАНОВ Леонид Михайлович

13.12.2023  | Автор: Мусинова Ә.А., Кульбекова А.

Өмірбаяны

20.01.1928 немесе 24.05.1928, Павлодар – шамамен 2006 ж. Алматы.

Балет әртісінің жеке ісіндегі өмірбаянында туған күні әртүрлі көрсетілген.

Балет әртісі, педагог.

1932 жылы отбасы Павлодардан Алматыға көшіп келді.

1933 жылы ағасы Валентинмен бірге отбасының материалдық жағдайының қиындығына байланысты балалар үйіне жіберіледі.

1936-1945 – балалар үйінен музыкалық-хореографиялық комбинатқа оқуға қабылданды. Кейін ол оқу орыны Қазақ хореографиялық училищесі болып қайта құрылды. Педагогтері: А.В.Селезнев, Л.М.Молодяшин, М.И.Шатловский. Үздік аттестат.

15.07.1945 - 1950 – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры балетінің екінші солисі.

1950-1953 жылдары – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры балетінің солисі.

1953 - 01.02.1967 – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры балетінің жетекші солисі.

Балет репертуары: Жұмысшы (алғашқы орындау, «Бәсекелестер», «Соперницы» ), «Бағбан» («Бәсекелестер», «Соперницы»), I актінің pas-de-trois («Аққу көлі), Франц (Коппелия), Вацлав («Бақшасарай бұрқағы»), Мұрат (алғашқы орындау, «Қамбар мен Назым»), Феникс («Қызыл гүл»,«Красный мак»), Дезире («Ұйқыдағы ару»); Ванечка, Бармалей («Бақыт жағалауы», «Доктор Айболит»); Павка Корчагин («Жастық»), Феб (алғашқы орындау, «Эсмеральда»), Жан де-Бриен («Раймонда»), Базиль (Дон Кихот), Петр Болохов («Берег счастья»), Джанчотто (алғашқы орындау, «Франческа да Римини»), Бейтаныс (алғашқы орындау, «Махаббат туралы аңыз»), I акт pas-de-deux («Жизель»).

Опера қойылымдары: Вакх («Фауст» операсындағы («Вальпургиев түні», «Вальпургиева ночь»), Бас садақшы («Князь Игорь» операсындағы («Қыпшақтар тұрағы»), Жас жігіт («Русалка»), палуандардың бірі («Біржан мен Сара»), Евгений («Қола салт атты», «Медный всадник»), Әли батыр («Шурале»), Әли («Достық жолында») және т.б.

Биші ауада биік секіру өнерімен ерекшеленіп, жұптық биде өзін сезімтал және күшті серіктес ретінде көрсетті.

Әртістік қызметінен кейін ол Алматы хореографиялық училищесінде оқытушылыққа ауысып, классикалық және дуэттік-классикалық биден сабақ берді, репетиторлықпен айналысты.

Марапаттары: «Еңбек ерекшелігі үшін» медалі (1959).

Библиография

  • Абай атындағы ҚазҰОБТ мұрағатынан Леонид Тагановтың жеке ісі.
  • Сарынова Л.П. Қазақстанның балет өнері, Алма-Ата: «Наука», 1976. 176 б. (орыс тілінде).
  • Қазақстан хореографтары (Иллюстрацияланған ақпараттық нұсқаулық) (1934 - 2012). – Алматы, 2012. 204 т. (орыс тілінде).

Медиа галерея

ТАГАНОВ Леонид Михайлович

ТАГАНОВ Леонид Михайлович