ТАНЫКПАЕВА Әлия Аманжолқызы
Өмірбаяны
21.10.1981, Арқалық қаласы.
Балет әртісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2010 ж.). Халықаралық байқаулардың лауреаты.
1991-1999 - А. В. Селезнев ат. АХУ-ды педагог И. Н. Гуляеваның сыныбы бойынша аяқтады;
2007-2010 - «Хореография» мамандығы бойынша ҚазМемҚызПИ-ді бакалавриатта оқыды;
2010-2012 -Т. Қ. Жүргенов ат. ҚазҰӨА магистратурасын «Хореография педагогикасы» мамандығы бойынша аяқтады.
1999-2001-Б. Г. Аюхановтың жетекшілігімен ҚР Мемлекеттік академиялық би театрының балет солисі. Репертуары: Одетта («Аққу көлі», II акт), Одилия («Аққу көлі», pas-de-deux III акт), Кармен («Кармен-сюита» балетінен адажио), концерттік нөмірлер.
2001-2005- Гедиминас Таранда (Мәскеу) жетекшілігімен «Императорлық орыс балетінің» солисі, жетекші балеринасы. Ол Джульетта партиясында дебют жасады («Ромео мен Джульетта»). Репертуары: Маша (2003), Қуыршақ, Испан биі («Щелкунчик»), Прелюд («Шопениана»), басты Бакханка («Вальпургия түні»), Аврора (2003), перілер, Флорина, Аврора («Ұйқыдағы ару»), Одетта-Одилия («Аққу көлі»), Китри («Дон-Кихот»), 3 және 5 дуэттер («Елестегі бал»), Жизель, енгізілген pas-de-deux, I акт («Жизель»), «Элегия», «Болеро» концерттік нөмірлері.
2005-2009 - Вена мемлекеттік операсының жетекші балеринасы (Вена, Австрия). Жизель партиясында дебют жасады (хореограф Е. Чернышев). Репертуары: Клара («Щелкунчик»), Фиби (Wie es euch geffaelt - «сізге қалай, ұнайды ма?», хореограф Дж. Ноймайер), Одетта-Одилия («Аққу көлі», хореограф Р. Нуреев), Сванилда («Коппелия», Хореограф Д. Хоронгозо; хореограф В. Яковлев), Аврора («Ұйқыдағы ару», Хореограф П. Райт), Татьяна («Онегин», хореограф Дж. Кранко), Лиза («Бекер сақтық»), Никия («Баядерка»), Манон («Манон», хореограф К. Макмиллан), Занелла (Alles walse), Жеке би «Glow stop».
2009-2011 - Цюрих опера театрының жетекші балеринасы, прима-балеринасы (Швейцария). Бас балетмейстер Хайнц Шперлидің «Lettre intimes» қойылымында дебют жасады. Репертуары: Раймонда (бірінші орындау, «Раймонда»), Жалын-құс (бірінші орындау, «Жалын-құс»), «Ноктюрн», Goldbrg-variacion, Cello in the night.
2011 жылдан - Венгрия мемлекеттік опера театрының (Будапешт) бірінші солисі. Аты аңызға айналған Дж.Кранконың «Онегин» балетіндегі Татьяна партиясының алғашқы орындаушысы. Репертуары: Джульетта («Ромео мен Джульетта»), Мария («Щелкунчик»), Одетта-Одилия («Аққу көлі», хореограф А. Иванов/ Р. Нуреев), Татьяна («Онегин»), Китри («Дон Кихот»), Аврора («Ұйқыдағы ару»), Клара («Щелкунчик», Виноненнің хореографиясы/Д. Харангозо және Р. Занелла), Клара («Щелкунчик», хореграф Р. Занелла),Манон («Манон»), Лиз (la fille mal gardée), Жизель («Жизель», хореограф М. Лавровский), Жизель («Жизель», хореограф А. Корелли), Никия («Баядерка»), Раймонда («Раймонда»), Сванильда («Коппелия», хореограф Д. Хоронгозо), Скарлетт О' Хара («Жел әкеткендер», «Унесенные ветром»), Мункачи («Алтын щетка»), Ханна Главари («Көңілді жесір», муз. Ф. Легар, хореограф Л. Партай), Сильфида («Сильфида»), Жалын-құс («Жалын-құс»). Қазіргі заманғы хореографтардың қойылымдарының бағдарламасы Mad dance! - yet there is method in it (муз. В. А. Моцарт / хореограф И. Киллиан; муз. М. Равель / хореограф Й. Ингер; муз.: батукада, самба / хореограф. Р. Норт); Petite Mort (муз. В. А. Моцарт / хореограф I. Kilian), As You Like It (муз. В. А. Моцарт / хореограф Дж. Неймайер), Баронесса Мэри Ветсера («Маярлинг», муз. Ф. Лист / хореограф К. Макмиллан), Пахита («Пахита»).
Grand Prix Kiev (Киев, Украина, 2017) студенттері (15-18 жас) және балет әртістері (19-23) халықаралық байқау-фестивалінің қазылар алқасының мүшесі; B Slach app (Жапония) жобасы аясында бүкіл әлем хореографтарына арналған балет сыныбын жазу және халықаралық электрондық платформаларда кәсіби мәселелерді талқылау (2020). Венгрия мемлекеттік опера театрында балет тренаж сабақтарын жүргізеді, Иржи Килианның хореографиясындағы «Petit mort» балетінің педагог-репетиторы болып табылады.
Марапаттары: Халықаралық байқаулардың лауреаты: ХБАБ, Люксембург-дуэттегі Grand Prix (Ұлы Герцогство Люксембург, 2003); ХБАБ, (III сыйлық, Пермь, Ресей, 2004).
ҚР Мәдениет қайраткері (2003), Цюрих опера театрының «Жыл балеринасы» (2010), Венгрия мемлекеттік опера театрының «Этуалы» (2013, 2017), Венгрияның үздік классикалық балеринасы (2015, 2018), «Венгрия Құрмет орденінің күміс Крестінің» кавалері - Magyar Érdemrend (2021 ж.).
Библиография
- Ә.А. Мусинованың Әлия Танықпаевамен жеке хат алмасуы.
- Мусинова А.А. Әлия Танықпаева: Сахнаға тұлғалар керек. – «Казахстанская правда» – No 183-184 – 6 қазан 2011 жыл (орыс тілінде).
- Csibi Szilvia, Nagy Attila фотосуреттерін Әлия Танықпаева өзінің жеке мұрағатынан ұсынылды.
- Портреттік фотография ашық интернет-ресурстан алынған.
Сілтемелер
- Aliya Tanykpayeva. Адрес URL:https://www.opera.hu/en/company/szemely/tanykpayevaaliya/959/ (Дата обращения 10.04.2022)
- Gerald Dowler. Hungarian National Ballet in Onegin at the Budapest Opera House. Posted on November 5, 2012. Адрес URL: https://www.dancing-times.co.uk/hungarian_state_ba... (Дата обращения: 17.04.2022).
- Таныкпаева Алия: «Алматы для меня самый родной». Адрес URL: https://tengrinews.kz/music/almatyi-menya-samyiy-rodnoy-vsemirno-izvestnaya-balerina-324139/ (Дата обращения: 17.04.2022).