ТАСМАҒАМБЕТОВА Софья Иманғалиқызы
Өмірбаяны
(02.02.1983, Алматы қ.) – қоюшы- суретші, сценограф. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2019).
1999-2000 – Челси қаласындағы Өнер және дизайн колледжінің студенті (Ұлыбритания). 2004 жылы Мидлсек университетін (Ұлыбритания) «Интерьер дизайны» мамандығы бойынша бітірген;
2007 жылы – Т.Қ.Жүргенова атындағы Ұлттық Өнер академиясын «Бейнелеу өнері» мамандығы бойынша, театр суретшісі М.Т.Телжановтың шеберханасында бітірген.
2011 жылы – Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік Жас көрермен театрының қоюшы-суретшісі. Шығармашылық мансабын «Шығыс ертегісі» мюзикл-спектаклінен бастады.
2012 жылдан бастап Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының қоюшы-суретшісі.
Жұмыстары: «Кармина Бурана» кантата-балеті (2012), «Біржан – Сара» опералары (2013), «Айсұлу» (2014), «Қыз Жібек» (2020); Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында «Ұлы дала аңыздары» балеті (2015); «Астана Опера» театрында «Қарагөз» балеті (2014), «Қыз Жібек» (2017), «Тұрандот» (2018), «Евгений Онегин» (2019), «Дон Карлос» (2018), «Алпамыс» (2021), «Қалқаман – Мамыр» (2022), «Біржан – Сара» опералары (2022); Новосибирск опера және балет театрында «Турандот» операсы (2016); М.Джалил атындағы ТАМОБТ (Қазан, РФ) «Жарғанат» («Летучая мышь») опереттасы; (2016); Карло Феличе театрында (Италия) «Трубадур» операсы (2019); «Геликон-Опера» музыкалық театрында (Мәскеу, РФ) «Альфа және Омега» операсы (2021); Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Абай» (2020).