МАХАББАТ ЕЛЕСІ НЕМЕСЕ...
25.10.2023 | Автор: Ізім Т.О.
Өмірбаяны
Би театры жанрындағы бір актілі қойылым.
Композитор - Мамед Садых-Пур. Либретто, хореография және қойылымы, сценография және костюм- Гүлмира мен Гүлнара Ғаббасовалар.
Премьерасы 2008 жылы 26 наурызда А.В.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесі (АХУ) сахнасында II-Орталық Азия Заманауи хореография фестивалі аясында өтті.
Орындаушылар: Бозбала - Олег Пак, Ер адам - Эльдияр Данияров, Ересек адам - Виктор Ашанин, Бойжеткен - Гүлмира Ғаббасова, Махаббат-Гүлнара Ғаббасова.
Махаббат елесі немесе... не? Махаббаттың не екеніне ешкім жауап бере алмайды. Оның келгенін немесе келмегенін қалай түсінуге болады?
Үлкен махаббат ...,,ал кішкентайы да болады ма? Махаббат елесі ме, әлде?.. Немесе?.. Немесе не?