БҰЛ МЕНІҢ ӘПКЕМ (C’EST MA SOEUR)
26.10.2023 | Автор: Ізім Т.О.
Өмірбаяны
Би театры жанрындағы бір актілі қойылым.
Музыка - Астор Пьяцолла, Пат Метени, Роберто Грела, Mайкл Найман, Сайнхо Намчылак. Либретто, хореография және қойылымы, сценография және костюм - Гүлмира мен Гүлнар Ғаббасовалар.
Премьерасы 2006 жылы 7 қазанда Халықаралық заманауи хореография «Vostok-3»фестивалінде (Санс қ., Франция) өтті.
Орындаушылар - Гүлмира мен Гүлнар Ғаббасовалар.
Хореографиялық пластика мен би арқылы іске асырылған ерекше қойылым егіз екі апалы-сіңлілердің сезімталдығын байланыстыратын күш туралы баяндайды.