ТИХОНОВ Сергей Иванович
Өмірбаяны
ТИХОНОВ Сергей Иванович (27.01.1957, Алматы қ. - 5.02.2018, Алматы қ.) - балет әртісі, педагог-репетитор. ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі (1990).
1967-1975 - А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің оқушысы, М.Е.Мунтиннің сыныбы бойынша «Балет әртісі» мамандығын алды.
1998-2003жж Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино өнері институтының студенті. Б.Г.Аюхановтың шеберханасы. Дипломдық жұмысы И.Стравинскийдің «Петрушка» бір актілі балеті болды.
1975-1995жж «Алматының жас балеті» труппасының жетекші солисі. «Романтикалық сюитада» солист ретінде дебют жасады (муз. М.Глинка, хореограф. А.Полубенцев). Содан кейін Д.Шостаковичтің алғашқы симфониясының музыкасына арналған «Адалдық» балеті («Верность» хореограф. О.Соколова). Негізгі партиялары: Адасқан ұл («Адасқан ұл», «Блудный сын», муз. С.Прокофьев, хореограф. Май-Эстер Мурдмаа), Көшбасшы («Керуен», муз. Т.Қажығалиев, хореограф. Б.Аюханов), Ленский («Татьяна Ларина», муз. П.И.Чайковский, хореограф. Б. Аюханов); Эгисф («Электра», муз. А.Скрябин, хореограф. Б.Аюханов), Каренин («Анна Каренина», муз. Р.Щедрин, хореограф. Б.Аюханов); концерттік нөмірлері: «Аве Мария» (И.С.Бах - Ш.Гуно, хореограф. Б.Аюханов), «Жеті сұлу» балетінен Вальс («Семь красавиц», К.Караев, хореограф. Б.Аюханов), «Көңілсіз вальс» (Я.Сибелиус, хореограф. Б.Аюханов), «Руслан және Людмила» операсынан «шығыс билері» (муз. М.Глинка, хореограф. Б.Аюханов), «Сатқындық» («Западня» А.Мүсірепованың музыкасына хронология, хореограф. Б. Аюханов).
1995-2017 жж Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық би театрының (МАБТ) педагог-репетиторы.
1999-2018 «Би өнерін қолдау қоры» жанындағы Б.Аюханов мектеп-студиясының педагогы. «Князь Игорь» (2016) операсынан А.Бородиннің «Қыпшақ билері» қойылымын жүзеге асырды.
Марапаттары: Қазақстан Республикасының 10 жылдығына арналған мерейтойлық медаль (2001).
Библиография
- Аюханов Б. Мой балет. – Алма-Ата: Өнер, 1988. – 104 с.
- Витражи балета или pasdeboureeпо жизни. Кн.2 – Алматы, 2013. – 448 с.