ӨТКЕНГЕ САЯХАТ

05.11.2023  | Автор: Шомаева Д.Е.

Өмірбаяны

Бір актілі балет.

Композиторлар - Фридерик Шопен, Эцио Боссо, Филипп Гласс, Фазил Сая. Хореография және қойылымы, сценография, костюмдер - Раймондо Ребек. Жарық суретшісі - Карло Черри.

Премьерасы 2014 жылдың 10 желтоқсанында өтті. Балет «Астана Балет» театрының труппасына арналып жасалған.

Орындаушылар: Татьяна Тен, Қазбек Ахмедьяров, Марина Қадырқұлова, Фархад Буриев және балет әртістері.

Өткен сезімдерді өшіру қиын. Оларды қайтару мүмкін емес және өміріңнен кеткен адамды қайтару да қиын. Бірақ естелік әрқашан жаныңда. Ол кездесулердің толқуын, қызықты сәттерді, қолдың нәзік жанасуын есте сақтайды. Уақыт, кеңістік алыстады, ал естелік қуанышты кездесулермен,алаңсыз күлкіңмен, сүйікті көздермен, туысқан жандармен қауыштырады. Ол іште, сізге ғана тиесілі және ешкімге бағынбайды. Естелік жүректі ұмытылған сезімнің отымен жаңғыртады, жараны ашып, тыныш мұңмен шаншып жібереді. Сонымен бірге, тағдыр бәрібір бақыт пен үміт сыйлайтынын ұмыттырмайды.

Медиа галерея

ӨТКЕНГЕ САЯХАТ

ӨТКЕНГЕ САЯХАТ