ТЛЕНДИЕВ Нұрғиса Атабайұлы
Өмірбаяны
01.04.1925 ж., Алматы обл., Іле ауданы, Шилікемер ауылы (2005 жылдан Нұрғиса Тілендиев елді мекені) – 15.10.1998 ж., Алматы қ.).
Композитор, дирижер, домбырашы-виртуоз, педагог.
Ұлы Отан соғысының ардагері. Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1959). Қазақ КСР Халық әртісі (1975). Қазақ КСР-нің Мемлекеттік сыйлығының иегері (1978). КСРО Халық әртісі (1984). Қазақстанда «Алтын жұлдыз» айрықша белгісі мен Отан орденімен марапатталған «Халық Қаһарманы» атағына ие болды (1998).
1933 – Музыкалық-драма техникумына (Қазіргі П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі) түсіп, онда халық аспаптар оркестрі (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі) ұйымдастырылды. Он екі жасында Нұрғиса оркестрдің концертмейстері, ал он төрт жасында бас дирижер Науша Бөкейхановтың көмекшісі болып тағайындалды.
1943 жылы Тілендиев майданға өз еркімен кетті. Курск доғасындағы шайқастан 1945 жылдың 9 мамырында Берлинге дейін жеткен.
1947-1950 – Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының халық аспаптары факультетінде оқыды.
1950-1952 – П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының дирижерлік факультетін профессор Н.П. Аносовтың сыныбы бойынша бітірген, КСРО Мемлекеттік академиялық Үлкен театрында тағылымдамадан өткен.
1952-1961 – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының бас дирижері.
Осы кезеңде оның музыкасына театрда «Ортеке» балет-поэмасы (1957 ж.), 1958 жылы Мәскеудегі қазақ өнері мен әдебиеті онкүндігіне дайындық кезінде композитор Л. Степановтың алғашқы музыкалық материалын Н. Тілендиев пен балет дирижері Е. Манаев қайта өңдеді, бүкіл партитура өңделіп, жаңа музыкалық сахналар енгізілді. Осы жұмыс кезеңінде ол «Менің Қазақстаным» кантатасын (1959 ж.) жазды, ұйғыр композиторы Қ. Қожамияровпен бірге «Алтын таулар» операсы (1961 ж.) жазылды.
1961-1964 – Құрманғазы ат. Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі;
1965-1967 – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры.
1968-1981 – «Қазақфильм» киностудиясының музыкалық редакциясының бас редакторы.
1981-1998 – «Отырар сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық-этнографиялық халық музыкалық аспаптар оркестрін ұйымдастырды. Оркестрдің бас дирижері және көркемдік жетекшісі болды. Композитор қайтыс болғаннан кейін «Отырар Сазы» оркестріне Нұрғиса Тілендиевтің есімі берілді.
Әр түрлі жанрдағы 500-ден астам музыкалық шығармалардың авторы: әндер, күйлер, романстар, увертюралар, поэмалар, кантаталар, опера, балет, фильмдер мен драмалық спектакльдерге арналған музыка және т. б.
Шығармашылық қызметінің әртүрлі кезеңдерінде Құрманғазы ат. Қазақ мемлекеттік консерваториясында сабақ берді.
Марапаттары: «Ерлігі үшін» (1945), «Берлинді алғаны үшін» (1945), «1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» (1945) медальдары; «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері (1959), 2-ші дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері (1985); 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерейтойларына және КСРО Қарулы Күштеріндегі мерейтойларға арналған медальдар, «Астана» медалі (1998).
Библиография
- Қазақ ССР. Қысқаша энциклопедия. 4 том. – Алматы: Қазақ совет энциклопедиясы – 1989. С. 594–595.
- Сарынова Л. П. Тлендиев Нургиса. Балетное искусство Казахстана. – Научное издание. – Алма-Ата: «Наука» Казахской ССР, 1976–176 стр. – С. 95, 96, 97, 168.
- Ашық интернет-ресурстағы портреттік фотосурет.