ТІЛЕП ПЕН САРЫҚЫЗ

22.11.2023  | Автор: Мусинова А.А.

Өмірбаяны

2 актілі балет.

Композиторы - Алмас Серкебаев. Либретто - Эдвард Розинский (АҚШ), Несіпбек Айтұлының поэмасы бойынша. Хореография және қойылымы - Марго Сапингтон (АҚШ). Қоюшы-суретші - Эрнст Гейдебрехт (Германия). Костюм бойынша суретші - Кристина Джоли де Лотбиньер (АҚШ). Қоюшы-дирижер - Нұрлан Жарасов.

Премьера 2009 жылдың 23-24 қаңтарында Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында өтті.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Шаман - Нұрлан Байбусинов; Сарықыз - Сәуле Рахмедова, Жанель Тукеева; Тілеп - Фархад Буриев, Данияр Шманов; Аспантай (жарық күштердің жетекшісі) - Дмитрий Сушков; Қарақұс (қара күштердің жетекшісі) - Екатерина Хомкина, Айнұр Әбілғазина; Алтын Қыран - Нұрлан Қоноқбаев; Түлкі - Айман Егісбаева; жарық күштер, қара күштер, қыздар, жігіттер - балет әртістері.

Тілеп бақсыдан музыка үйреніп, онымен адамдардың жанын сауықтырғысы келеді. Уақыт өте келе ол ұстазының қызы Сарықызға деген терең сезімі пайда болады. Бірақ қара күштердің жарық күштермен соғысы басталып, ұстаздың ғана емес, Сарықыздың да өліміне әкеледі. Тілеп жалғыз қалады. Ол жалғыз қайғыға батады. Оған тек музыка көмектеседі. Қобыздың үні шыққанда Тілеп сұлу Сарықыздың бейнесін елестетіпіп, оның өз маңында екеніне, қобыздың әуенінде өмір сүретініне сенеді.