ТЛЕУБАЕВ Сералы Шабайұлы

18.12.2023  | Автор: Кульбекова А.К

Өмірбаяны

ТЛЕУБАЕВ Сералы Шабайұлы (17.03. 1963, Нукус қ., ККАССР) - педагог-хореограф, зерттеуші. Философия ғылымдарының кандидаты (2000), философия ғылымдарының докторы (2010), доцент (2010).

1976-1981 - Өзбек хореография училищесінде «Ансамбль әртісі» мамандығы бойынша білім алған, педагогтары: Г.Б. Измайлова, С. Ш. Бурханов, Т. М. Текоев, М. Х. Хамдамов.

1981-1985 - МММИ (Мәскеу мемлекеттік мәдениет институты) студенті, «Хореографиялық пәндер оқытушысы» біліктілігі бойынша бітірген, педагогтары: И.В. Смирнов, М. В. Смирнова, М. И. Шляпникова.

Хореографиялық училищеде А. Навои атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының спектакльдеріне қатысты. Балеттер: «Доктор Айболит», «Чиполлино», «Париж жалыны» («Пламя Парижа»), «Спартак», «Аңыздар алқабында» («В долине легенд»); опералар - «Борис Годунов», «Кармен». Өзбек ССР делегациясының құрамында 80-Олимпиаданың, XII Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінің ашылуына қатысты (Мәскеу, 1985).

1984-1985 - Мәскеу мемлекеттік мәдениет институты студенті ретінде шығармашылық кештерде «Шехерезада», «Стенька Разин» балеттерінің сахналарына қатысты.

1985 жылдан - Әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет педагогикалық институт оқытушысы. «Мәдени-ағарту жұмысы» мамандығының («Хореографиялық ұжымның жетекшісі» біліктілігінің) ашылуына еңбек етті. Қазақстандағы алғашқы дербес хореография кафедрасының негізін қалаушы болып табылады (1989).

1994 - Б. М. Жантаев және К. Н. Андосовпен бірге Алматыдағы жоғары хореография мектебінің алғашқы оқу жоспарларын әзірлеуші.

1989-2000 - Әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет педагогикалық институтының хореография кафедрасының меңгерушісі. «Қарагөз» студенттік хореографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі.

2000-2002 - Х. А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік (Шымкент) университетінің Хореография кафедрасының меңгерушісі.

2002-2007 - Мәдениет және өнер педагогикалық институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры, тарих факультетінің және қоғамдық кәсіптер факультетінің деканы.

2007 - Х. А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік (Шымкент) университетінің Өнер факультетінің деканы.

2010-2017 - Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университеттің «Өнер» факультетінің деканы (Шымкент қ.).

2017-2020 - М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Мәдени және әлеуметтік қызмет» кафедрасының меңгерушісі.

2000 жылы «Би-ойын мәдениеті» (генезис, дәстүрлер және қайта өрлеу жолдары) («Танцевально-игровая культура» (генезис, традиции и пути возрождения)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады; 2010 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 24.00.01-Мәдениет теориясы және тарихы мамандығы бойынша «Мәдениеттің ойын элементін философиялық талдау» («Философский анализ игрового элемента культуры») тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

2020 жылдан Шымкент қаласы білім басқармасының «Музыка колледжі» МКҚК директоры.

Педагогикалық қызмет барысында 300-ден астам хореограф-мамандар шығарды, олардың ішінде ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері, ғылым кандидаттары, мәдениет үздіктері. 150-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы: республикалық және шетелдік ғылыми журналдардағы мақалалар, баяндамалар, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, монографиялар.

Марапаттары: ҚР Білім беру ісінің үздігі (1997), ҚР Мәдениет қайраткері (2001), республикалық, халықаралық конкурстар мен би фестивальдерінің лауреаты, «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының (2013), «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері (2013), Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі (2016).

Медиа галерея

ТЛЕУБАЕВ Сералы Шабайұлы

ТЛЕУБАЕВ Сералы Шабайұлы

ТЛЕУБАЕВ Сералы Шабайұлы

ТЛЕУБАЕВ Сералы Шабайұлы

ТЛЕУБАЕВ Сералы Шабайұлы

ТЛЕУБАЕВ Сералы Шабайұлы