ТЛЕУБАЕВА (Абдукаримова) Балжан Сейдраманқызы

01.02.2024  | Автор: Кульбекова А.К.

Өмірбаяны

(14.08 1967, Шымкент қ.) - педагог-хореограф, зерттеуші, педагогика ғылымдарының кандидаты (2006), доцент (ЖАК, 2010).

1977-1985 - АХУ-нің оқушысы, «Ансамбль әртісі» біліктілігі, педагогтары: Ж. Т. Тастанова, И.К. Олзоева, Ғ. Н. Бейсенова, А. Н. Зарембо.

1985-1989 - Әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет педагогикалық институты студенті. «Хореографиялық ұжымның жетекшісі» біліктілігі, педагогтары: С.Ш. Тілеубаев, К. К. Қайырбеков, С. Б. Жукенова, С. П. Григорьева.

1989-1998 - Әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет педагогикалық институты хореография кафедрасының аға оқытушысы. «Қарагөз» студенттік би ансамблінің бас балетмейстері (1989).

1998-2002 - Х. А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің аға оқытушысы, онда хореография кафедрасын және «Тұран» студенттік би ансамблін құрды (1998-2003); 2002-2003 - Х. А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Хореография кафедрасының меңгерушісі.

2003 жылдан - М. Әуезов атындағы ОҚМУ хореография кафедрасының меңгерушісі. «Қарагөз» студенттік ансамблінің көркемдік жетекшісі.

2008-2010 - Оңтүстік Қазақстан облыстық опера және балет театрының бас балетмейстері (ОҚООБТ, қосымша).

2015 жылдан - М. Әуезов атындағы ОҚМУ «Өнер» кафедрасының меңгерушісі (режиссура, хореография, аспаптық орындау мамандықтары).

2006 - Абай атындағы ҚазҰПУ-де 13.00.08-Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі мамандығы бойынша «Болашақ педагог - хореографтың кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастыру» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

2008-2010 жылдары ОҚООБТ -тың «Травиата», «Евгений Онегин», «Қыз Жібек», «Біржан-Сара» опералық спектакльдерінде хореографиялық сахналарды қоюды жүзеге асырды.

«Қарагөз», «Тұран» ансамбльдерінің қатысушыларымен халықаралық би фестивальдеріне (Мәскеу, Ташкент, Бішкек) қатысып, концерттік бағдарламалармен (Түркия, Кипр, БАӘ) өнер көрсетті. Мемлекеттік «Наз» би театрына (Астана), Қызылорда, Көкшетау, Ақтөбе, Ақтау, Тараз, Алматы, Түркістан, Шымкент өңірлік ансамбльдері үшін бірқатар нөмірлер қойды.

200-ден астам хореограф-мамандар шығарды, олардың ішінде ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері, ғылым кандидаттары, мәдениет үздіктері. 120-дан астам ғылыми жарияланымдардың, оның ішінде республикалық және шетелдік ғылыми журналдардағы мақалалардың, баяндамалардың, оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы.

Марапаттары: «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының (2010), «Болашақ» халықаралық стипендиясының (2013) иегері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2013), Қазақстанның Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі (2018), республикалық және халықаралық конкурстар мен би фестивальдерінің лауреаты, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері (2018).

Медиа галерея

ТЛЕУБАЕВА (Абдукаримова) Балжан Сейдраманқызы

ТЛЕУБАЕВА (Абдукаримова) Балжан Сейдраманқызы