ҮШ ТҮС
Өмірбаяны
Заманауи хореография стиліндегі бір актілі балет (әйел нұсқасы).
Музыка - Галло Циего, Астор Пьяццолла, Ян Тирсен, Алексей Генадьевич Айги. Либретто, хореография және қойылымы, сценография және костюм - Гүлмира мен Гүлнара Ғаббасовалар.
Премьерасы 2010 жылғы 25 сәуірде А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің сахнасында IV- Орталық Азия Заманауи хореография фестивалі аясында өтті.
Орындаушылар: Сары - Әсел Абақаева, Көк - Гүлмира Ғаббасова, Қызыл - Гүлнар Ғаббасова.
Үш түс - көгілдір, сары және қызыл - көрерменге әйелдің сезімі мен қабылдауы арқылы ашылады.Үш кейіпкер. Үш әйел. Үш жұмбақ…
ЗАМАНАУИ ХОРЕОГРАФИЯ СТИЛІНДЕГІ БІР АКТІЛІ БАЛЕТ (ЕРЛЕР НҰСҚАСЫ).
Қазіргі композиторлардың музыкасы. Либретто, сценография және костюмдер - Гүлмира мен Гүлнара Ғаббасовалар. Хореография, қойылымы және орындаушылар - Егор Ягин, Ақбар Касымов, Алексей Серохвостов.
Премьерасы 2013 жылдың сәуір айында «Апалы-сіңлілі Ғаббасовалыр би театрында» өтті.
Үш түс -көк, жасыл және қызғылт сары - көрерменге ер адамдар сезімі мен қабылдауы арқылы ашылады. Хореография арқылы көрсетілген түс - бұл мүмкін бе? Мүмкін болса, ол қандай болады?