ТРИЛОГИЯ: «ӘЙЕЛ ЖЫНЫСТЫ ИТТЕР», «ЕРКЕК ЖЫНЫСТЫ ИТТЕР», «ИТ ӨМІР»

23.11.2023  | Автор: Ізім Т.О.

Өмірбаяны

ӘЙЕЛ ЖЫНЫСТЫ ИТТЕР

Би театры жанрындағы бір актілі спектакль.

Музыка - Мария Буане, Rccardo Chailly, Paul Hiller, Jocelyn Pook, Andre Minvielli, Wim Mertens, «Zapmama» тобы, «MOBY» тобы. Либретто, хореография және қойылымы, сценография және костюм - Гүлмира мен Гүлнара Ғаббасовалар.

Премьерасы 2004 жылы 18 ақпанда Республикалық неміс драма театрының сахнасында өтті. Қойылым Болат Аюхановтың басқаруындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық би театрының артистері үшін жүзеге асырылды.

Орындаушылар - Светлана Кокшинова, Гүлфида Гафурова, Айтолқын Тұрғынбаев, Гүлмира және Гүлнар Ғаббасовалар; неміс театрының актерлері - Наталья Дубс, Павел Пермяков.

«Күлкілі және гротесктік спектакльдің сыртқы пішінінен кейін оның ішкі әлемін сүюге және түсінуге деген мәңгілік әйел сағынышының нәзіктігі байқалады. Спектакльде бұл жағдай ашуланбай-ақ және құмарланбай-ақ, сентименталдық, мелодрамалық әсерлерсіз көрінеді. Көрермен әйелдің шынайы әлемі неден көрінетінін түсіне бастайды. Мұнда тек кейіпкерлер ғана иттер. Ал әлем - адам сияқты суреттелген».

ЕРКЕК ЖЫНЫСТЫ ИТТЕР

Би театры жанрындағы бір актілі қойылым.

Музыка - Zucchero Feat, James Asher, Boban Markovic, Martin Grech, Hernando Hideaway, «Терем квартет» тобы, Safri duo жұбы. Либретто, хореография және қойылымы, сценография және костюм - Гүлмира мен Гүлнара Габбасовалар.

Премьерасы 2005 жылы 13 ақпанда Республикалық неміс драма театрының сахнасында өтті. Қойылым Болат Аюхановтың басқаруындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық би театрын үшін жүзеге асырылды.

Орындаушылар: Нұрлан Қонокбаев, Эльдияр Данияров, Талант Осмонов, Антон Зырянов, Николай Репкин, Евгений Дерябин.

Алты ер адам ауладағы орындықта кездеседі. Алты түрлі кейіпкер, алты түрлі тағдыр, алты түрлі өмір тарихы. Оларды бір нәрсе біріктіреді - жалғыздық, сүюге және сүйікті болуға деген ұмтылыс.

ИТ ӨМІР

Би театры жанрындағы бір актілі қойылым.

Музыка - Ennio Morricone, GigiD-Agostino, Alberto Iglesias, Ludovico Einaudi, «Калибри» тобының «Әйел заттары» әні. Либретто, хореография және қойылымы, сценография және костюм - Гүлмира менГүлнара Габбасовалар.

Премьерасы 2006 жылы Республикалық неміс драма театрының сахнасында өтті. Қойылым Болат Аюхановтың басқаруындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық би театры үшін жүзеге асырылды.

Орындаушылар - Светлана Кокшинова, Гүлфида Гафурова, Айтолқын Тұрғынбаев, Гүлмира және Гүлнар Ғаббасовалар, Нұрлан Конокбаев, Эльдияр Данияров, Талант Осмонов, Антон Зырянов, Николай Репкин, Евгений Дерябин және Амина Ақылбекова; неміс театрының актерлері - Наталья Дубс, Павел Пермяков,

«Әйел жынысты ит» және «Еркек жынысты ит» кейіпкерлерінің қисынды кездесуі, болып жатқан оқиғаларды ирониялық түрде ашады. Суреттердің ирониясының артында дуэт сахналарында берілген кейіпкерлердің шынайы сезімдері жатыр.

Медиа галерея

ТРИЛОГИЯ: «ӘЙЕЛ ЖЫНЫСТЫ ИТТЕР», «ЕРКЕК ЖЫНЫСТЫ ИТТЕР», «ИТ ӨМІР»

ТРИЛОГИЯ: «ӘЙЕЛ ЖЫНЫСТЫ ИТТЕР», «ЕРКЕК ЖЫНЫСТЫ ИТТЕР», «ИТ ӨМІР»

ТРИЛОГИЯ: «ӘЙЕЛ ЖЫНЫСТЫ ИТТЕР», «ЕРКЕК ЖЫНЫСТЫ ИТТЕР», «ИТ ӨМІР»

ТРИЛОГИЯ: «ӘЙЕЛ ЖЫНЫСТЫ ИТТЕР», «ЕРКЕК ЖЫНЫСТЫ ИТТЕР», «ИТ ӨМІР»