АФИНАНЫҢ САЛТАНАТЫ
Өмірбаяны
Бір актілі балет.
Композиторы - Густав Малер, №4 симфония, соль-мажор. Либретто - Дүйсенбек Накипов. Хореография және қоюшы - Дина Фадеева. Қоюшы-суретші - Людмила Кужель. Қоюшы-дирижер - Ренат Салаватов.
Премьерасы 2004 жылы 1 қазанда Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасында өтті. Д.Накиповтың шығармашылық қызметінің 40 жылдығына және оның «Әйел және күлгін түс» («Женщина и пурпур») кітабының тұсаукесеріне арналды.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Зевс - Дмитрий Сушков; Гера - Алина Накипова; Афина - Құралай Сарқытбаева; Персефона - Әлия Сапугова; Аид - Қанат Қаражанов; жұлдыздар, Жер асты әлемінің көлеңкелері - балет әртістері.
Аид Зевс пен Деметраның қызы Персефонаны ұрлап әкетеді. Әкесі ашулы. Персефонаны құтқару үшін Зевс өзінің басқа қызы Афинаны шақырады. Ол Аидті ұрланған Персефонаны қайтаруға көндіруі керек.
Афина Тартарға сапар шегіп, Аидке ұсыныс жасайды: Персефона Олимпке тек көктем мезгіліне ғана оралады.
Сүйіктісінің көз жасын көрген Жер асты әміршісі келіседі. Бақытты Персефона үйіне оралды. Ол келген бойда көктем шығады. Барлығы соғыс пен жеңіс құдайының даналығын мадақтайды. Бұл Афинаның жеңісі.