ТУКЕЕВА Жанель Мұратқызы
Өмірбаяны
15.02.1988 ж., Алматы қ.
Балет әртісі.
Халықаралық конкурстардың лауреаты.
1997-2005 – А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін үздік бітірді, педагогтары: С.А. Наурызбаева, Н.Л. Гончарова, Л. М. Ли. Үздік диплом.
2009-2012 – «Хореография» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті бакалавриатында оқып, үздік бітірді.
2018 - 2020 – Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы магистратурасын «Хореография» мамандығы бойынша бітірген.
2005-2006 – А. Я. Ваганова атындағы Орыс балет академиясында Л. В. Ковалева сыныбында тағылымдамадан өтті.
2006 жылдан – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балет әртісі.
2010 жылдан – Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жетекші солисі.
А. Рыбниковтың «Юнона» және «Авось» балетінде Кончита партиясында дебют жасады.
Репертуары: Одетта-Одиллия («Аққу көлі», 2017 жылғы нұсқадағы алғашқы қойылым), Аврора («Ұйқыдағы ару»), Китри («Дон Кихот», 2018 жылғы нұсқадағы алғашқы қойылым), Ширин («Махаббат туралы аңыз»), Медора, Гүлнара («Корсар», бірінші Медора партиясының 2020 жылғы нұсқасында орындалуы), Мария («Бахчисарай бұрқағы»), Фригия, Эгина («Спартак», Фригия партиясының 2021 жылғы нұсқасындағы алғашқы қойылымы), Жизель («Жизель»), Джульетта («Ромео мен Джульетта»), Сильфида («Сильфида»), Клара («Щелкунчик»), Кончитта («Юнона» және «Авось»), Никия (бірінші орындау, «Баядерка»), Гамзатти («Баядерка»), Пимпинелла («Пульчинелла»), Бакханка («Вальпургия түні»), Сарықыз (А. Серкебаев «Тілеп және Сарықыз»), Шамхат (Т. Мыңбаев «Фрескалар», партияның 2022 жылғы нұсқадағы алғашқы орындалуы), Қалыңдық («Фрескалар»), Тұңғыш әйел («Уақыт Ре»), Күміс қыз Айель - айдың қызы (бірінші орындауы, Қ. Шильдебаев «Адам»), 1-ші солист (П. Чайковский «Серенада»), Муза (бірінші орындауы, И. Штраус «Үлкен вальс»), Қыз (бірінші орындауы, кантата-балет К. Орф «Кармина Бурана»), Сұлтанның қызы («Ұлы дала аңыздары»), 7-ші Вальс, Прелюд, Мазурка («Шопениана», 7-ші вальс пен прелюдтің 2019 жылғы нұсқасындағы алғашқы қойылымы), Соло (бірінші орындауы, И. С. Бах «Бахты ашу»), Соло (алғашқы қойылым, М. Равель «Болеро»), Кармен, Рок («Кармен-сюита»).
Концерттік нөмірлердің қатарында Е. Брусиловскийдің Д. Абировтың хореографиясында «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» балетінен адажио бар.
2012 ж. – шақырылған солист ретінде Сергей Радченконың (Мәскеу, Ресей) жетекшілігімен орыс ұлттық балеті труппасының еуропалық турына қатысты.
Әр жылдары концерттік бағдарламалар мен фестивальдердің қатысушысы: Ballet Globe (Алматы), II Eurasian Dance festival (Астана), Көк-Төбе Опера (Алматы), «Астана Балет» театрының Гала-концерттері (Нұр-Сұлтан).
Марапаттары: Сібірдегі халықаралық хореографиялық училищелер конкурсы дипломант және «Кәсібилігі мен көркемдік сүйкімділігі үшін» арнайы сыйлығының иегері (2005 ж.); «Шабыт» халықаралық шығармашылық жастар фестивалі - Қазақстан (Астана) - III сыйлықтың лауреаты (2006 ж.). ҚР Мәдениет қайраткері (2011 ж.), Мәдениет саласындағы президенттік стипендияның лауреаты (2014 ж.), «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері (2021 ж.).
Библиография
- Мусинова А.А. Жанель Тукеева: «Мечтаю о настоящем счастье…»// Рандеву. 2015. №6 (90) – Стр.57-63.
- Абай атындағы ҚазҰОБТ мұрағатындағы Түкеева Жанел Мұратқызының жеке ісі.
- Жанел Түкееваның жеке мұрағатынан алынған фотосуреттер.
- Абай атындағы ҚазҰОБТ мұрағатынан Владимир Акуленконың фотосуреттері.
Сілтемелер
- Диана Башаева «Жанель Тукеева: 5 спектаклей КГАТОБ им.Абая, на которых нужно побывать каждому» sxodim.com 20 февраля 2020г. Адрес URL: https://sxodim.com/almaty/article/zhanel-tukeeva-5-spektaklej-kgatob-im-abaya-na-kotoryh-nuzhno-pobyvat-kazhdomu (дата обращения: 10 декабря 2021г)
- Тукеева Жанель. Страница балерины на сайте КазНТОБ им. Абая. Адрес URL: https://www.gatob.kz/o-teatre/nash-kollective/baletnaya-truppa/33-solisty/zhanel-tukeeva/ (дата обращения: 10 октрября 2021г)
- Ксения Евдокименко «Балерину может обидеть каждый…» газета Время.5 июня 2014г. Адрес URL: https://time.kz/articles/grim/2014/06/05/balerinu-obidet-mozhet-kazhdij (дата обращения: 10 декабря 2021г)
- Тукеева Жанель Муратовна. 18 ноября 2013 г. Биография EL.kz Адрес URL: Тукеева Жанель Муратовна - 18.11.2013: ақпараттық-танымдық сайт - Еl.kz (el.kz) (дата обращения: 10 октября 2021 г).
- Солистка Казахского национального театра оперы и балета им. Абая Жанель Тукеева. Persona Art. – Адрес URL: https://24.kz/ru/tv-projects/persona-art/item/569611-solistka-kazakhskogo-natsionalnogo-teatra-opery-i-baleta-im-abaya-zhanel-tukeeva-persona-art (дата обращения: 30 октября 2022 года).