ТҰРҒЫНБАЕВА Айтолқын Несіпбекқызы
Өмірбаяны
ТҰРҒЫНБАЕВА Айтолқын Несіпбекқызы (29.07.1973, Бурное станциясы, Жамбыл облысы) - балет әртісі, педагог. Мәдениет қайраткері (2004), «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты (2006), С.Дягилев ат. I тәуелсіз халықаралық балет әртістері байқауының дипломанты (Мәскеу қ., 1992), «Құрмет» орденінің иегері (2009).
1983-1991 - А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде «Балет әртісі» мамандығы бойынша педагог С.И. Көшербаева оқыған.
1999-2003- Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ Мемлекеттік театр және кино институтын «Педагог-хореограф» мамандығы бойынша оқып бітірді.
1991-1993 - «Өзбекстанның жас балеті» труппасы дирекциясының шақыруымен балет әртісі.
1994-2021 - Б.Аюхановтың жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік балет театры балетінің әртісі және солисі. Шығармашылық қызмет жылдарында балеттердегі жетекші партияларды биледі: Жизель («Жизель», муз. А. Адан); Қыз-Жібек («Гәкку - Аққу үні», муз. А. Исакова); Офелия («Гамлет. Дания ханзадасы», муз. А.Исакова); Шайтан («Мефистофель», муз. Ш.Гуно); Догуланг («Шыңғыс ханның құмарлығының азабы», «Агония страсти Чингисхана», муз. М.Иржанова); Сонечка («Қылмыс пен жаза», «Преступление и наказание», муз. Д.Шостакович); Эсмеральда («Биле менің Эсмеральдам», «Танцуй, моя Эсмеральда», муз. Р. Кочиана); Қыз («Орақ пен балға», совет композиторларының музыкасы); Қыз («Революция сұңқарлары», «Соколы революции» қазақ, кеңес және шетел композиторларының музыкасы); Кшесинская («Анна Павлова» орыс және батыс композиторларының музыкасына).
Концерттік нөмірлер мен қойылымдарға қатысты: «Күн билік етеді» («День ли царит» муз. П.И.Чайковский, хореограф. Б.Аюханов); Джульетта («Ромео мен Джульетта», муз. С.Прокофьев, хореограф. С.Тихонова); Қыз («Мәңгілік махаббат», муз. Ш.Дюмонт, хореограф. Л.Ким); «Жастық желі» (Я.Хрисомаллис, хореограф. Л.Ким); 1-фортепиано концерті (муз. П.И.Чайковский, хореограф. Б.Аюханов); «Паганини тақырыбындағы Рапсодия» (муз. С.Рахманинов, хореограф. Б.Аюханов); «Мәңгілік қозғалыс» («Вечное движение», муз. Н.Паганини, хореограф. Б.Аюханов); «Қуанамын» (муз. М.Ержанов, хореограф. Б.Аюханов).
2016-2020 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық би теарының (ГАТТ) педагог-репетиторының жұмысымен шығармашылық қызметті ұштастырды.
2020-2021 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық би теарының көркемдік - қойылым бөлігінің меңгерушісі.
1999-2021 - «Қазақстанның ұлттық балеті» қоры жанындағы балалар студиясында сабақ берді. Оған қатысушылар Түркия, Болгария, Франция, Италия, Испания, Грециядағы халықаралық конкурстар мен фестивальдердің лауреаттары болып табылады.
2016-2021 - Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы;
2021 жылдың ақпан айынан бастап Қазақ ұлттық хореография академиясының хореография факультетінің деканы.
Сілтемелер
- Казахской национальной академий хореографии: https://balletacademy.edu.kz/turginbaeva-aitolkyn-nesipbekovna-kz/
- Казахской национальной академий искусств имени Т.К. Жургенова. КазНАИ: https://kaznai.kz/ru/%D0%BA%D0%B0%D1%84%D0%B5%D0%B4%D1%80%D0%B0-%D0%BF%D0%B5%D0%B4%D0%B0%D0%B3%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D0%BA%D0%B0-%D1%85%D0%BE%D1%80%D0%B5%D0%BE%D0%B3%D1%80%D0%B0%D1%84%D0%B8%D0%B8-%EF%BB%BF/
- Аюханов Б.Г. «Витражи Балета или pasdebourree по жизни». Книга 2. Алматы: «Өнер» 2013г. 448стр. http://lib.balletacademy.kz/ebook/ballet/%d0%b0%d1%8e%d1%85%d0%b0%d0%bd%d0%be%d0%b2-%d0%b2%d0%b8%d1%82%d1%80%d0%b0%d0%b6%d0%b8-%d0%b1%d0%b0%d0%bb%d0%b5%d1%82%d0%b0/