ТУТКИБАЕВА Гүлжан Усамбекқызы

08.12.2023  | Автор: Кульбекова А.К

Өмірбаяны

12.03.1964, Алматы қаласы.

Балет әртісі, балетмейстер, педагог. Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі (1988), Қазақстан Республиканың Халық әртісі (1996), «Құрмет» орденінің иегері (2009).

1974-1982 - КСРО Үлкен театры жанындағы Мәскеу академиялық хореографиялық училищесін үздік дипломмен бітірген. Педагогтары: Л. А. Коленченко, Р.С. Петерсон.

1996-1999 - Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік кино және театр институтында (қазіргі ҚазҰӨА) «Хореография режиссурасы» мамандығы бойынша білім алып, З.М. Райбаевтың шеберханасында оқыған.

1982-2003 - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солисі, прима-балеринасы.

Репертуары: Аврора («Ұйқыдағы ару»), Жизель, Мирта («Жизель»), Маша («Щелкунчик»), Одетта-Одиллия («Аққу көлі»); Китри, дрядтың иесі («Дон Кихот»); Медора («Корсар»), Эгина («Спартак»), Кончита («Юнона» және «Авось»), Сильфида («Сильфида»), Кармен («Кармен-сюита»); Шамхат, Қалыңдық («Фрескалар»); Зарема («Бахчисарай бұрқағы»»), Раймонда («Раймонда»), Карагөз («Карагөз»), Қалыңдық («Мәңгілік алау»), Әйел («Еркек пен Әйел»). Балерина репертуарында заманауи және классикалық хореографияның концерттік нөмірлері бар. Балет спектакльдеріндегі серіктестері М. Адырхаев, М.Түкеев, Б. Смағұлов, Д. Сушков, Н. Канетовтер болды.

1997-2023 - Абай атындағы Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында репетиторлық және педагогикалық қызметпен айналысады.

2003-2006 - Абай атындағы Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының қоюшы-балетмейстері.

2006 - жылдан балет труппасының көркемдік жетекшісі.

2009-2012 - жылдары қоюшы-балетмейстер.

2012 - жылдан Абай атындағы Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының көркемдік жетекшісі және бас балетмейстері.

2001- жылдан бастап Абай атындағы Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрындағы жұмысына қоса Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры педагогикалық қызметін бірге атқарады.

2001-2021-Хореография режиссурасы кафедрасының меңгерушісі.

«Жан кеңістігі» («Космос души») (муз. А. Шнитке) және «Маскалар театры» («Театр масок», муз. Ф. Пуленк) дипломдық қойылымдары белгілі бір уақыт Абай атындағы МАОБТ репертуарында жүрді. Абай атындағы МАОБТ сахнасындағы қойылымдары, бір актілі балеттері - «Чарли» (муз. Д. Д. Шостакович, 2005), «Antico стиліндегі сюита» (муз. А. Г. Шнитке, 2005), «Абылай хан» спектакльдеріндегі балет сахналары (муз. Е. Р. Рахмадиев, 2004), «Тангейзер» операсында (муз. Р. Вагнер, 2010), «Дон Жуан» операсында (муз. В. А. Моцарт, 2010), «Кармина Бурана» (муз. К. Орф, 2012), «Кармен» операсындағы би фрагменттері (муз. Ж. Бизе-Р. Щедрин, 2015), «Ұлы дала аңыздары» («Легенды Великой Степи») атты екі актілі қойылым (муз. қазақстандық композиторлардың шығармалары 2015), «Коппелия» екі актілі спектаклінің қойылымы (муз. Л. Делиб, 2017).

Гастрольдері: Ресей (Иваново, 1983; Грозный, Краснодар, Сочи, 1986; Орынбор, 1997); Алжир (1986), Германия (1986), Өзбекстан (Ташкент, 1998), Түркия (1991), Мальта (1991), Ирландия (1995). М. Джалил атындағы Қазан опера және балет театрымен шақырылған балерина ретінде гастрольдік сапарлар: Қытай (Шанхай, 1993; Пекин, 1994). Ресей Федерациясының қалаларында жеке қойылымдар: Санкт-Петербург (1990-1991), Екатеринбург (1992), Мәскеу (1993).

Марапаттары: Халықаралық балет әртістері байқауларының дипломанты: 1989 (Мәскеу, РФ), 1990 (Варна, Болгария), 1990 (Джексон, АҚШ); 1996 - «Дәстүр сыйлығы» («Приз традиций») ХБАБ лауреаты (Алматы, Қазақстан), «Дарын» жастар сыйлығының иегері (1992).

Медиа галерея

ТУТКИБАЕВА Гүлжан Усамбекқызы

ТУТКИБАЕВА Гүлжан Усамбекқызы

ТУТКИБАЕВА Гүлжан Усамбекқызы

ТУТКИБАЕВА Гүлжан Усамбекқызы

ТУТКИБАЕВА Гүлжан Усамбекқызы

ТУТКИБАЕВА Гүлжан Усамбекқызы

ТУТКИБАЕВА Гүлжан Усамбекқызы

ТУТКИБАЕВА Гүлжан Усамбекқызы

ТУТКИБАЕВА Гүлжан Усамбекқызы

ТУТКИБАЕВА Гүлжан Усамбекқызы

ТУТКИБАЕВА Гүлжан Усамбекқызы

ТУТКИБАЕВА Гүлжан Усамбекқызы

ТУТКИБАЕВА Гүлжан Усамбекқызы

ТУТКИБАЕВА Гүлжан Усамбекқызы

ТУТКИБАЕВА Гүлжан Усамбекқызы

ТУТКИБАЕВА Гүлжан Усамбекқызы

ТУТКИБАЕВА Гүлжан Усамбекқызы

ТУТКИБАЕВА Гүлжан Усамбекқызы

ТУТКИБАЕВА Гүлжан Усамбекқызы

ТУТКИБАЕВА Гүлжан Усамбекқызы

ТУТКИБАЕВА Гүлжан Усамбекқызы

ТУТКИБАЕВА Гүлжан Усамбекқызы

ТУТКИБАЕВА Гүлжан Усамбекқызы

ТУТКИБАЕВА Гүлжан Усамбекқызы

ТУТКИБАЕВА Гүлжан Усамбекқызы

ТУТКИБАЕВА Гүлжан Усамбекқызы

ТУТКИБАЕВА Гүлжан Усамбекқызы

ТУТКИБАЕВА Гүлжан Усамбекқызы