МЫҢ БІР ТҮННІҢ БІР ТҮНІ

23.11.2023  | Автор: Ізім Т.О.

Өмірбаяны

Бір актілі қойылым.

Либретто - Артур Ким. Режиссура және хореография - Қадиша Ағымбаева. Қоюшы-балетмейстерлер - Сағит Дүзбаев, Мейрамгүл Айтмағамбетова, Наталья Леонтьева, Роза Бельгибаева, Дана Сүлейменова, Гүлден Фаткулла. Сценограф - Айдархан Қалиев. Костюм суретшісі - Құралай Кагенова. Музыкалық редактор - Нұрфат Вахитов.

Премьералық спектакльдер: 2013 Астана қ., Конгресс-холл сахнасында және 2014 Алматы қ., Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында екі рет өтті. «НАЗ» Мемлекеттік би театры үшін қойылым жасалды.

Алғашқы орындаушылар: етікші Маруф - Дмитрий Азамкин; Ханшайым Эсмегүл - Мадина Кужамжарова; Шехеразада - Аяжан Умашева; Халифа Тахир - Алмас Шоман; бас уәзір - Бейбіт Баянбаев; Евнух - Ақон Рысқалиев.

Спектакль «Мың бір түн» Шығыс ертегісі негізінде қойылған. Оқиға Бағдаттағы араб елінің ең ірі қалаларының бірінде өтеді. Етікші МАРУФ пен Эсмегүл ханшайымның махаббаты туралы ертегі, мұнда барлық оқиғалар інжу-маржанмен безендірілген қымбат сақинаның айналасында дамиды.

Медиа галерея

МЫҢ БІР ТҮННІҢ БІР ТҮНІ

МЫҢ БІР ТҮННІҢ БІР ТҮНІ