УМБЕТКУЛОВА Зауре Кенисовна

21.10.2023  | Автор: Шомаева Д.Е.

Өмірбаяны

(20.09.1968, Алматы қ.) – балет әртісі, педагог – репетитор. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері (2017).

1978-1986жж. – А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін М.В.Петрованың сыныбы бойынша бітірді.

1994-1998 жж. – «Педагог-хореограф» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының студенті.

2012-2014 – Мәскеу мемлекеттік би академиясы жанындағы кәсіби дайындық курсын С.Н.Головкина сыныбында өтті.

1986-2005жж. – Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балет әртісі және солисі. Репертуары: үлкен Аққулар, испан биі («Аққу көлі»); қара әйелі, Краковяк («Бақшасарай бұрқағы»); Мерседес, сығандар биі («Дон Кихот»); бірқатар опералық қойылымдардағы жеке билер мен концерттік нөмірлер: К.Сен-Санс «Аққу», А.Даргомыжский «Баба-Яга».

2005-2009 – К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының педагог-репетиторы.

2006-2010жж. - Астанадағы А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің филиалында классикалық би педагогы; Астана мемлекеттік филармониясының «Шалқыма» халық би ансамблінде, сондай-ақ «Ренессанс» би мектебінде педагог-репетитор.

2013-2015 – «Астана балет» театрының педагог-репетиторы

2015-2023 – театрдың балет труппасының меңгерушісі және Қазақ ұлттық хореография академиясының классикалық би педагогы.

Марапаттары: «Мәдениет саласының үздігі» (2021).

Медиа галерея

УМБЕТКУЛОВА Зауре Кенисовна

УМБЕТКУЛОВА Зауре Кенисовна