УРАЗОВ Рафаэль Александрович
Өмірбаяны
22.11.1990 ж., Алматы қ.
Балет әртісі, кәсiпкер.
Мәдениет саласындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік стипендиясының иегері (2012).
Халықаралық байқаулардың лауреаты.
2000-2008 – А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін аяқтады классикалық би педагогтары: В.С. Лукомский, Р. А. Лукомская, В. А. Гончаров, М. Е. Мунтин, А. Г. Буркитбаев, С. Ж. Косманов.
2008 жылдан Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының балет солисі, жетекші солисі.
Жетекші солист ретінде ол 2011 жылы Базиль партиясында дебют жасады («Дон-Кихот»).
Репертуары: Базиль («Дон Кихот»), Ханзада («Щелкунчик»), Франц («Копеллия»), Али, Ланкидэм («Корсар»), Меркуцио, Парис («Ромео мен Джульетта»), Нұралы («Бахчисарай бұрқағы»), Диуана («Юнона» және «Авось»), Сайқымазақ, pas-de-trois («Аққу көлі»), бас сайқымазақ («Махаббат туралы аңыз»), Косог («Фрескалар»), бірінші актінің енгізілген pas-de-deux («Жизель»).
2012-2013 – Сергей Радченко басқаруындағы Ресей ұлттық балетінің солисі.
Репертуары: Ханзада («Щелкунчик»), Дж.Баланчиннің классикалық pas-de-deux.
2014 жылдан бастап – Talmi Enartaiment (АҚШ) қонақ солисті.
Репертуары: Ханзада, Шығыс биі («Щелкунчик»).
2022 жылы ол балет әртістерінің, R-Production шоу-бизнес жұлдыздарының гастрольдерін ұйымдастыру агенттігін құрды.
Марапаты: «Көктем-2006» фестивалі (Селезнев ат. АХУ) – II сыйлық және «Жеңіске деген ерік-жігері үшін» арнайы сыйлық (2006); «Өрлеу» хореографиялық оқу орындары оқушыларының I Халықаралық байқауы (Алматы, Қазақстан) - II сыйлық (2008 ж.); «Kibc» ХБАБ (Сеул, Оңтүстік Корея) - дипломант, «Әртістік шеберлігі үшін» арнайы сыйлығы» (2012); «Арабеск» ХБАБ (Пермь, Ресей) – дипломант, Наталья Дудинская атындағы арнайы сыйлық (2012).
Библиография
- 2022 жылы Ә.А. Мусинованың Рафаэль Уразовпен жеке сұхбаты және хат алмасуы.
- Фотосуреттер Рафаэль Уразовтың жеке мұрағатынан, фотографтар Елена Петрова, Анель Айбасова, Men's Health Kazakhstan басылымы.
- Фото-портрет – «Караван» газетінің сайтынан.
Сілтемелер
- Рафаэль Уразов. Страница на сайте КазНТОБ им. Абая. Адрес URL: https://www.gatob.kz/o-teatre/artists-and-staff/baletnaya-truppa/33-veduschie-solisty/rafael-urazov/ (дата обращения 28.12.2023).
- Анастасия Беньяминова «Настоящий мужик Рафаэль Уразов» Медиа портал Караван. 9 ноября 2016г. Адрес URL: Настоящий мужик Рафаэль УРАЗОВ - Караван | Караван (caravan.kz) (дата обращения 11.12.2021).
- Алдияр Косенов «Король фламенко» Хоакин Кортес пригласил в труппу казахстанского танцора. Tengrinews.kz 29 июля 2015г. Адрес URL: ”Король фламенко” Хоакин Кортес пригласил в труппу казахстанского танцора: 29 июля 2015, 04:06 - новости на Tengrinews.kz (дата обращения 11.12.2021).