УСИНА Василя Хасановна

30.10.2023  | Автор: Ізім Т.О

Өмірбаяны

УСИНА Василя Хасановна (03.11.1958 ж., Роза кенті, Ресей Федерациясының Челябі облысы - 19.11.1997 ж. Алматы) - биші, педагог, ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі (1990 ж.).

А.В.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінде оқыған (1977 ж.). Педагогтары: И.К.Олзоева, М.З.Ахмедиева. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын «Хореографиялық пәндер оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген (1994-1997 ж.). Педагогтары: З.А.Қастеева, Л.М.Кремер.

1978-1995 жылдары ҚазКСР мемлекеттік ән-би ансамблінде билеген(Қазіргі «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі);

1995-1997 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Мемлекеттік ансамблінің солисі; 1995-1997 - А.В. Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінде халық сахналық биінің педагогы.

Репертуарында «Шашу», «Балбырауын», «Шолпы», «Сирия биі», «Бұхар», «Вензеля», «Сыған» және т. б. билер болды. Оның орындауында М.Маңғытаевтың музыкасына З.Райбаевтың қойған «Аққудың айрылуы» композициясындағы аққу бейнесі ең үздік биі болды.

Ансамбль құрамында Азия мен Еуропаның бірқатар жақын және алыс шет елдерінде, Қазақстанның өңірлерінде гастрольдік сапарларға, барлық үкіметтік концерттерге, КСРО Достастығы (Мәскеу, Киев) шеңберіндегі ресми мәдени-бұқаралық іс-шараларға және Мәскеу Олимпиадасының ашылу салтанатына қатысты (1980 ж.). В.Усина би өнерін насихаттауға және Қазақстанның хореографиялық орындаушылық мектебін дамытуға үлкен үлес қосты.

Медиа галерея

УСИНА Василя Хасановна

УСИНА Василя Хасановна

УСИНА Василя Хасановна

УСИНА Василя Хасановна