МАХАББАТТЫҢ ҒАЙЫП БОЛҒАН ДАРАБОЗДАРЫ

23.11.2023  | Автор: Шомаева Д.Е.

Өмірбаяны

Бір актілі балет.

Композитор - Эцио Боссо. Либретто, хореография және қойылымы - Николо Фонте. Сценография және жарықтандыру - Майкл Маззола. Костюмдер: Кристин Дарч.

Премьерасы 2018 жылдың 2 қарашасында өтті. Балет «Астана Балет» театрының труппасына арналған.

Орындаушылар: Татьяна Тен, Айжан Мұқатова, Аңсаған Көбентай, Қаламқас Орынбасарова, Марина Қадырқұлова, Дэвид Джонатан, Қазбек Ахмедьяров, Илья Манаенков, Байхадам Тұңғатаров, Артур Эдсон.

Балет-рефлексия, неоклассикалық тілде жазылған философиялық эссе. Біртүрлі сызықтар, денелердің тоғысуы, бәрі адам өмірінің желісі сияқты үздіксіз және тұрақсыз. Мойра иіретін бұл жіп берік және нәзік. Ол бірде адамды байлап, бірде бақыт жолында алынбайтын кедергіге айналады, бір сәтте демеу болады, ал келесіде тұла бойын орап, қозғалуына кедергі жасайды. Бірақ әр сәт сайын сананың бір жерінде: «Бәрі бітетінін біле тұра, біз қалай өмір сүріп, қалай сүйеміз?» Деген сұрақ туындайды. Әр нәрсенің соңы бар деген ойдан адам ештеңенің мәңгілік және тұрақты емес екенін түсінеді. Тек «мұнда» және «қазір» бар, тек осыны толығымен жүзеге асыруға және ләззат алуға болады.

Медиа галерея

МАХАББАТТЫҢ ҒАЙЫП БОЛҒАН ДАРАБОЗДАРЫ

МАХАББАТТЫҢ ҒАЙЫП БОЛҒАН ДАРАБОЗДАРЫ

МАХАББАТТЫҢ ҒАЙЫП БОЛҒАН ДАРАБОЗДАРЫ

МАХАББАТТЫҢ ҒАЙЫП БОЛҒАН ДАРАБОЗДАРЫ

МАХАББАТТЫҢ ҒАЙЫП БОЛҒАН ДАРАБОЗДАРЫ

МАХАББАТТЫҢ ҒАЙЫП БОЛҒАН ДАРАБОЗДАРЫ